Театр им. Ж.Аймаутова г. Павлодар

Ер Төстік (каз)

Өр рухты ояту негізінде, қиял өрісінен туған әр елдің өзіндік хас батыр тұлғалары бар. Біздің, қазақ халқы да ондай  кейіпкерлерден кенде емес. Соның бірі - әйгілі Ер Төстік.

Бұл қойылымда Отанын, ел-жұртын, туған-туыс, ата-анасын Жезтырнақ пен қарақшылардың қара ниеттерінен құтқарып, аман сақтап қалған Ер Төстіктің батыл қадамдары  дәріптеледі.    

Ар-ождан алдында абыройлы болуға жетелейтін туынды, әркімнің намыс, қайрат, жігерін одан әрмен мықтылай түсеріне сенімдіміз.