Репертуар театра им. Чехова

Творческий вечер под названием «Тұңғыш рет» молодого и талантливого исполнителя Аяш Абыла

Аяш Абыл Табылдыұлының бард жанрын насихаттау бағытындағы "Тұңғыш рет" атты ән кеші

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Тұңғыш рет: ХХ ән кеші» атты  бард жанрын насихаттау бағытындағы жоба аясында 2018 жылдың 17 мамыр күні талантты әнші  Табылды Досымовтың ұлы Аяш Абылдың «Тұңғыш рет» атты концерті  өтеді.

Отандық эстрадада қазақтың тұңғыш бард ақыны  Табылды Досымовтың әндерінен бастау алған бард жанры қазіргі таңда жоғарғы деңгейде насихатталуда. Әсем әнге ғана емес, сырлы поэзияға да сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелейтін, жыраулыққа жақын бард жанры соңғы уақытта музыка әлемінде ерекше серпіліс туғызды.

Сіздерді дәуір дүрсілін, тіршілік тынысын сездіріп, мезгіл мінезін көрсеткен бард жанрын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған Аяш Абыл Табылдыұлының «Тұңғыш рет» атты ән кешіне  шақырамыз.

Өтетін орыны: Алматы қ.,  Абай даңғ., 103 (Байзақов көшесінің қиылысы) М. Әуезов ат. Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры (Кіші зал)

Күні: 17 мамыр

Уақыты:  18:00

Байланыс тел:  +7 (727)225-10-50, + 7 775 792 75 94