Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

Моцарт

Моцарт, театр ЖастарӨтетін орны: Нұр-Сұлтан қ., Ілияс Есенберлин көшесі, 10, «Жастар»​ театры

Автор: Ж. Пило, О. Шультез

Премьера күні: маусым, 2016 жыл

Режиссёр: Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Актерлар: Мейірғат Амангелдин, Нұрбек Әділбек, Назерке Серікболова, Асланбек Жанұзақов, Шехназа Қызыханова, Қаламқас Мелисова, Айым Жүсіпбекова, Нұрбек Алибек, Айман Есенқызы және т.б.

Жанр: мюзикл

Ұзақтығы: 1 сағат, 30 мин

 

Өнердің жолы бірыңғай даңғыл десек, қателесер едік. Аптықпалы аптабы, соқтықпалы соқпағы көп бұралаңда тынымсыз еңбек пен табандылықты серік еткендердің ғана жұлдызы өзгелерден дара жарқырамақ, өлмес ізін қалдырмақ. Музыка өнерінің әлемдік деңгейдегі дарабозы – Вольфганг Амадей Моцарттың талант тұғырына көтерілу жолынан сыр қозғар қойылым театр сахнасында мюзикл жанрында көрерменіне жол тартқалы отыр. Классикалық музыка мен актерлік шебер орындаудың үйлесімді үндестігі өнерсүйер қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлары сөзсіз.     

Кейіпкерлер:

Моцарт әулеті:

  • Вольфган Моцарт – Мейірғат Амангелдин, «Үміт» сыйлығының иегері
  • Леопольд Моцарт (Моцарттың әкесі) – Асланбек Жанұзақов
  • Анна Мария (Моцарттың анасы) – Айым Жүсіпбек, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Ненрал Моцарт (Моцарттың қарындасы) – Қаламқас Мелисова

Вейбер әулеті:

  • Фридолин Вейбер – Нұрбек Алибек
  • Сесилия Вейбер (әйелі) – Айнұр Рахипова, «Еңбек даңқы» медалінің иегері, Айман Есенқызы, «Құрмет» грамотасының иегері

Қыздары:

  • Алоиза Вейбер – Назерке Серікболқызы, «Үміт» сыйлығының иегері
  • Констанция Вейбер – Шехназа Қызыханова, 
  • Софи Вейбер – Іңкәр Нәсиева
  • Сальерий – Нұрбек Әділбек, Бекжан Керімбаев, «Шапағат» медалінің иегері
  • Ересь – Айсұлтан Жалиев
  • Розенберг – Шыңғыс Жақыпбай
  • Иреоним Калорада (Князь) – Әбутәліп Әміре