Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

Қош махаббат (Н. Жантөрин атындағы драма театр)

Қош махаббат (Н. Жантөрин атындағы драма театр)

Жанр: драма

Автор - М. Мақатаев

Режиссер - М.Абай –Ділдә

Художник - Г. Канафина

Адам сезімін тәрбиелеуден, сезімін бағындырудан, жанын түсінуден күрделі есеп жоқ екен...
Бар жазадан ар жазасы ауырлау. Дегенмен махаббат деген ұлы сезімнің қадірі кеткен біздің қоғамда ғашық жандардың ортасына түскен жанның ар жазасына тартылуы қажет еді. Банудың шынайы сезімін бағаламаған Асан оның жан дүниесінің өмірлік бақытсыз болатынын сезсе де, сезбеген сыңай танытты.

Ал, Бағдат ше? Ол өзінің сүйген қызының тек бақытты өмір сүргенін қалады. Пендені бақытсыз ету оңай, ал оны бақытты ету, қиынның-қиыны. Ондай ерлік тек ер жігіттің ғана қолынан келеді. Бағдаттың науқас халінің нашарлығын аңғарған Асан енді Банудан да ажыратып, бақытсыздыққа ұшыратты. Мақатаевтың бұл пьесасы көрермен қауымға адам сезіміне абайлап қарау керектігіне ой салады.

Қош махаббат (Н. Жантөрин атындағы драма театр)