Scorpions в Алматы

«Нұрғиса» хореографиялық спектаклі

Өтетін орыны: Көктал 1 ш/а, Алмалық көшесі 1 «НАЗ» мемлекеттік би театры МКҚК

Автор: 

Өтетін күні: 29.04.2022

Уақыты: 17.00

Ұзақтығы: 1 сағат 10 минут

Жас санаты: жас шектеуі жоқ

Қосымша: 

 

 

 

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театрының көрермен залында 29 сәуір, сағат 17:00 де Халықаралық би күніне орай  «Нұрғиса» хореографиялық спектаклі  өтеді. Спектакльдің басты мақсаты әйгілі композитор, дирижер НұрғисаТілендиевтің өмірі мен шығармашылығын халыққа би тілімен жеткізу.

Қазақ музыка мәдениетіне үлкен үлес қосқан өнердің алып тұлғасы Нұрғиса Тілендиевтің өмірін алғаш бимен өрнектеген – Нұр-Сұлтан қаласындағы «Наз» мемлекеттік би театрының өнер ұжымы. Өскелең ұрпақты Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығымен таныстыру, жастар арасында халық  музыкасын насихаттау, тыңдармандарды ұлттың рухын құрметтеуге, би өнерін дәріптеуге үндеу мақсатындағы спектакльдің тағылымдық тәрбиесі өте зор.