Jullien Dassin

Ғасырдан да ұзақ...

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қ., Ілияс Есенберлин көшесі, 10, «Жастар»​ театры

Автор: Ш.Айтматов, О.Бөкей, Р.Мұқанов

Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Премьера күні – Желтоқсан, 2018 жыл

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Жас санаты: 10+
 

 

 

 

Ғасырдан да ұзақ көрінгенімен, уақыт-ағзам алақанында пенде ғұмырының жарқ еткен сәулесі қас-қағым.

Сол жолдағы өмірдің ұсынған әр сынағы жүректі жан үшін үлкен сабақ. Ол сынды қайыспай жеңу бар да, мәңгілік адамзаттық арманыңа адал болу, соңыңнан атыңды өшірмейтін өмірлік өнеге – саналы ұрпақ қалдыру – пенде біткенге тән бақыттың шыңы. Себебі, өмір – рельс, адам ғұмыры отарбаның дөңгелегіндей шыр айналған дүние-кезек әлем.

Әдебиет әлемінің үш бірдей суреткері шығармасындағы тамыры үзілмес ортақ тінді режиссер осы ой биігінде сараптайды.

Кейіпкерлер:

  • Едіге – Әділ  Аахметов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері
  • Ләйлә – Назерке  Серікболава, «Үміт» сыйлығының иегері
  • Ақбота – Шехназа  Қызыханова, «Үміт» сыйлығының иегері
  • Сәбитжан – Ербол  Тлеукенв, «Еңбек даңқы» медалінің  иегері
  • Күзетші – Елдос Шайкенов,  «Еңбек даңқы» медалінің  иегері