Jullien Dassin

«Ғашық жүрек» Astana Musical мемлекеттік театры

Ақиық ақын артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, ақынның өлеңдерімен өрнектелген қойылым көрермен-қауымға рухани әсер сыйлап, жас буынды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелейтін тың дүние.

Мұқағали Мақатаевтың сөздеріне жазылған әндерімен қатар ақынды үш қырынан танытатын поэтикалық - музыкалық қойылым көрермен жанын поэзияның ұлы құдыретіне тамсандырып, патриоттық сана-сезіміне әсер етері хақ, аламан бәйгеде оза шауып, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан.