Jullien Dassin

Аршын мал алан

Жас көпес Әскер үйленбекші болады. Бірақ, болашақ жарын ата салт бойынша емес, өз көзімен көріп, таңдағысы келеді. Мұның жолын досы Сүлейман айтады: «үй-үйді аралап кездеме сататын аршын малшы бол». Қалыңдығын осылайша іздеген Әскер Сұлтан бектің қызы Гүлчахра сұлуға кездесіп, ғашық болады. Әке қызын жас та бай көпес Әскерге бермекші, ал, қыздың көңілі аршын малшыда… Осындай шым-шытырық оқиғалы туынды соңында жастардың арманы орындалып, үйленеді. Жалпы комедиядағы сегіз кейіпкердің төрт тойы қатарынан өтіп, бәрі ертегідегідей «арман-мұраттарына жетеді».