Romantique
2019/2020 Камералық зал VIІ маусым
31 қаңтар * жұма * 19.00
Концерт
Romantique
(Музыкалық миниатюралар кеші)
2020 жылдың 31 қаңтарында «Астана Опера» театрының Камералық залында ХІХ-ХХ ғасырдағы композиторлардың жеңіл де жайдары романтикалық музыкасы шырқалатын Romantique музыкалық миниатюралар кеші өтеді.
Концертке «Астана Опера» театрының опера солистері мен оркестр әртістері қатысады.
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Татьяна ВИЦИНСКАЯ (меццо-сопрано)
Қаламқас ЖҰМАБАЕВА (скрипка)
Ботагөз ҚАЛИЕВА (виолончель)
Алмаз ТОҚПАНОВ (кларнет)
Жәнібек САПАРОВ (гитара)
Анатолий ЯКУШКИН (контрабас)
Эльмира СҰЛТАНҒАЗИНА (фортепиано)
Жәнібек БЕКМАДИЕВ (соқпалы аспап)
БАҒДАРЛАМА:
- Р.Шуман. Кларнет пен фортепианоға арналған үш пьеса-фантазия, op.73
- К.Сен-Санс. «Өлім биі» симфониялық поэмасы (Danse macabre), op.40
- Э.Сати. Je te veux
- Э.Вилла-Лобос. Прелюдия №1
- А.Пьяццолла. Танго тарихы: Түнгі клуб 1960
- Хосе Мария Кано. Hijo de la Luna
- К.Боллинг. Виолончель мен джаз триосына арналған сюита
Baroque in Rhythm
Romantique
Galop
- А.Маркес. Danzon №2
Концерт жүргізушісі – Сәуле МӘУЛЕТОВА
Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады