Қоңыр күз
15 қараша күні Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының «Сарыарқа» халық музыка ансамблі «Қоңыр күз» атты Сәттібек Баяховты еске алу кешін ұсынады. Филармония камералық залы, басталуы сағат 18.00.
Концерт «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің белді мүшесі болған, ансамбльге ерен еңбегін қосқан Сәттібек Баяховты еске алу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сәттібек Баяхов шерткен күйлерімен, орындаған туындылар тыңдарманның құлағынан кіріп, бойын алып, жүрек түкпірінде қоңыр күздей тыныштық орнайтын.
Баяхов Сәттібек Тұрсынғазыұлы 1982 жылы 5 маусымда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге әкелген. Республикалық байқаулардың лауреаты атап өтсек Нұрғиса Тлендиев атындағы, Тәттімбет атындағы байқауларынан бас жүлде иегері, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты және т. б.
Көптеген жылдар «Сарыарқа» халық музыка ансамблінде ҚР еңбек сіңірген Нұрлан Хамзинның жетекшілігімен концертмейстер ретінде (домбырашы) қызмет атқарған, бірнеше күйлерді ансамбльге Әсет Дәненов екеуі өңдеген.
«Өзіңдік орындаушылық ерекшелігі бар орындаушы, дәулескер домбырашы, әрдайым ізденісте жүретін солист ретінде есімізде қалды» дейді әріптестері.
Концерттік бағдарламада адам көңілінің әр сәтін ән арқылы небір әшекей-өрнектермен әсем безендіріп, нанымды суреттелген бізге жеткен халқымыздың бай ән мұрасының жаухарларын паш етеді.
Кенші бағдарламада Ақан сері, Шал Мырза, Еспай, Есір, Тілеп, Халық күйі, Әшімтай, Секен Тұрысбеков, Ықылас, Әсет Дәненов, Жәнібек Карменов, Нұрғиса Тлендиев Тұрсынбек Рахимов, Ержан Тоқсабанов, Тоғжан Жахин, Өскенбай сынды композиторлардың шығармалары орындалады.
Концерттік кеште Халық ән бөлімінің әртістері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Анар Мұздаханова, Мәдениет саласының үздіктері – Гүлжан Мұстахимова, Қайрат Айтбаев, Алмат Сайжан мен республикалық байқаулардың лауреаты Мақсат Хамзин өнер көрсетеді.
«Сарыарқа» халық музыка ансамблінің көркемдік жетекшісі, Мәдениет саласының үздігі – Тоғжан Жахин.