ФК «Астана» - ФК «Тараз»

«Жасай бер, Қазақ елі!»

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының ұйымдастыруымен, 2019 жылдың 27 маусымында, сағат 19.00де  «Жасай бер, Қазақ елі!» атты ән кеші өтеді.                

Өтетін орны: «Астана» концерт залы 

Бұл кеш ұлттық рәміздерімізді ұлықтауға, патриоттық сезімді арттыруға, Елордамыздың мерейін асқақтатуға арналады.      

Аталмыш кеш аясында Елордаға арналған әндермен қатар Туған жер, Отан, Атамекен, Қазақ елі тақырыбындағы туындылар шырқалады.   

Кешке, Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бағдат Сәмединова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Гүлзира Бөкейхан, Анар Мұздаханова, Клара Төленбаева,  Айгүл Қосанова,  Алтынай Жорабаева, Мәдениет қайраткері Естай Мұқашев, Мәдениет саласының үздіктері Нұрғали Тұрлыбеков, Арайлым Рахымқызы, Күнсұлу Тұрлыбекова, Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары, Эстрадамыздың жарық жұлдыздары Маржан Арапбаева, Ринат Малцагов, Есет Әлімжан, Гүлнұр Жақсылықова, Динара Жаңабергенова, Айдана Смаханова, Нұржаз Толқын және т.б өнерпаздар қатысады.        

Жан-дүниеңді жырға, көңіліңді нұрға бөлейтін ән кешінен құр қалмаңыз.

Байланыс: 8701 766 13 96.