Jullien Dassin

ТҮРКСОЙ Жастар камералық хорының концерті

2018 / 2019                    Камералық зал            VІ маусым

19 қазан * жұма * 19.00

ТҮРКСОЙ Жастар камералық хорының концерті

2018 жылғы 19 қазанда театрдың Камералық залында ТҮРКСОЙ Жастар камералық хоры өнер көрсетеді.

Өз бағдарламасын ұжым Астананың 20 жылдығы мен ТҮРКСОЙ ұйымының 25 жылдығына арнамақ. Хор құрамында Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия мен Татарстан (РФ) музыканттары бар.

ТҮРКСОЙ Жастар камералық хоры 2015 жылы ТҮРКСОЙ бас хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Дүйсен Қасейіновтың бастамасымен құрылды. Хор осы кезең ішінде хормейстерлер Эльнара Керимова (Әзербайжан) және Гүлмира Құттыбадамованың (Қазақстан) жетекшілігімен Азия мен Еуропа елдерінде көптеген концерттер берді. Ұжымның репертуары түркі халықтарының әндері мен түркі елдерінің заманауи композиторларының шығармаларын, сондай-ақ батыстық хор музыкасының туындыларын қамтиды.

Тыңдармандарды түркі халықтарының хор дәстүрімен таныстыратын «Астана – Әлем дауысы» фестивалі ТҮРКСОЙ Жастар камералық хорының өнер көрсетуімен аяқталады.

ТҮРКСОЙ хоры әзірбайжан, қазақ, қырғыз, өзбек, татар, түрікмен және түрік әндерін орындайды.

 

Дирижер – Гүлмира Құттыбадамова

 

Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут