Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

Қиялдың ғаламына. Премьера!

Қиялдың ғаламына

Өтетін орны: Астана қаласы, Ілияс Есенберлин көшесі, 10,«Жастар» театры

Спектакльдің авторы: Н. Оразалин

Премьера күні: 

Режиссер: Шыңғыс Жақыпбай

Жанр: лирикалық драма

 

 

 

 

Жас отбасының басында күтпеген оқиға болды. Бас кейіпкер Сағын жұмысында жеткен жетістігін тойлап жүріп, қарбаласта жары Нұргүлдің туған күні есінен шығып кетеді. Онымен қоса, оның адалдығына күмән келтіріп, көңіліне кірбің түсіреді. Жолдасына ренжіген жас келіншек ойда жоқта Таңат есімді бозбаламен кездесіп, арты ертегідей бір әсем кешке ұласады. Тазалық пен сұлулықты өмірлік серік еткен Таңаттың мөлдір ойы арқылы оқиға өрбіп, соңында, махаббат дейтін киелі ұғым өз биігінде салтанат кұрады.

 Өмірімізден маңызды бөлшегі – отбасылық сыйластықты қалай сақтап қалмақ керек? Сенім мен күдік тайталасқа түскенде, тура жолды қалай таппақ керек? Қойылым күлдіре отырып, көрерменін мәңгілік құндылықтардың қадірін түсініп, бағалауға шақырады.

Кейіпкерлер мен орындаушылар:

Таңат – Асылбек ӘЙТІШ

Нұргүл –  Жамал НҰРЖАУБЕКОВА

Сағын – Елдос ШӘЙКЕНОВ, Асланбек ЖАНҰЗАҚОВ

Көрші- Ғани ҚҰЛЖАНОВ

Мантер – Ербол ТІЛЕУКЕНОВ

Көше тазалаушы қыз – Диана СМАГУЛОВА

Қыз-Наурыз САБАҒАТОВА

Музыкалық жетекші: Анел СІРГЕБАЕВА

Музыкалық сүйемелдеушілер:   Айсұлтан ЖАЛИЕВ, Ляззат ҚУАНЫШОВА

Аспаптарда сүйемелдеушілер: Расул ЕРНАЗАОР, Саида МАКСУМОВА, Александр СЕРОВ

Спектакльде Мархаба СӘБИдің: «ҮНСІЗДІК», «МАРСҚА», «ЖАҚСЫ АДАМ», «О, НЕМЕНЕ»  

Таспай: «ҚАЙТЕМІЗ» әндері қолданылады.