Scorpions в Алматы

Кармен

2020 / 2021                 Үлкен зал                  VIІІ маусым

27 ақпан * сенбі * 18:00

 

 

Жорж Бизе

«Кармен»

4 бөлімді опера

Либреттосын жазған Анри Мельяк және Людовик Галеви

Проспер Мерименің аттас новелласы бойынша

 

 

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Қоюшы дирижер – Алан Бөрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Қоюшы режиссер – Лоренцо Амато

Қоюшы сценограф – Эцио Фриджерио

Костюмдер бойынша суретші – Франка Скуарчапино

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенттері – Хелен Критикос, Арасель Досмұратова

Қоюшы режиссердің ассистенті – Еренбақ Тойкенов

Жарық бойынша суретші –           Якопо Пантани

Проекциялар бойынша суретші – Серджио Металли

Хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы балетмейстерлер – Елена Шерстнева / Тұрсынбек Нұрқалиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жауапты концертмейстер, синхрон редакторы – Елена Сахно

Балалар хорының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова

 

 

Француз композиторы Жорж Бизе жазған «Кармен» операсының тағдыры қайғылы қалыптасқан. Оның ерекше көңіл аударатын шынайылығы және басты кейіпкерлер ретінде жеңіл мінезді сыған қызы мен оған деген махаббатынан қашқын атанып, сарбазды өлтірген қанішердің таңдалуы париждік көрерменді дүр сілкіндірді. Туындысының сәтсіздікке ұшырауынан кейін 3 айдан соң жүрек ауруынан қайтыс болған Бизе бұл шығарманың көп кешікпей опера классикасының әйгілі жауһарының бірі боларын біле алмай кетті.

Операдағы оқиға ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Испанияда өрбиді. Оқиғаның қақ ортасында – темекі фабрикасының басқа жұмыскерлерінен ерекше көзге түсетін сұлу сылқым, құштарлыққа толы әрі азатшыл сыған қызы Кармен. Бастапқы шығармадан өзгешелік ретінде Бизе кейіпкерінің мінезін игілендіріп, сезімнің бірбеткейлігі мен іс-қимыл еркіндігіне баса назар аудартқан.

Либретто авторлары опера әрекетіне бейнелі халық сахналарын енгізген. Оңтүстіктің күйдірген күні астындағы қызба қауым, сыған қыздары мен контрабандашылардың мүсіндері, бұқа жарысының көтеріңкі көңіл-күйі Кармен, Хозе, Микаэла мен Эскамильоның операдағы өзіндік мінезін, олардың тағдырының драматизмін ерекшелеуде.

Кармен – еркіндігі әрі махаббатының күші сүйген жаны мен өзі үшін талқандаушы күшке ие болып, пешенесіне жазылғанға көнген әйел.

Бұндай танымалдылықтың себебі не екенін түсіну қиын емес. Опера керемет әуендерге толы! Бірақ «Бизе операсының тарихи мәні оның ауыспайтын көркемдік құндылығы ғана емес, сонымен қатар бұл шығармада алғаш рет опералық театр сахнасында осындай асқан шеберлікпен әдеп құқықтары мен адамгершілікті ту еткен қарапайым жандардың тағдыры бейнеленген...».

 

 

БАСТЫ ПАРТИЯЛАРДА:

Кармен –               Дина ХАМЗИНА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 

 

Дон Хозе –            Мейір БАЙНЕШ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Эскамильо –         Талғат МҰСАБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Микаэла –             Айгүл НИЯЗОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Цунига –               Шыңғыс РАСЫЛХАН

 

Моралес –             Талғат ҒАЛЕЕВ

 

Фраскита –           Жамиля ДЖАРКИМБАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Мерседес –            Гүлжанат САПАҚОВА

 

Данкайро –           Ерұлан КӘМЕЛ

 

Ремендадо –          Рамзат БАЛАКИШИЕВ

 

 

Ұзақтығы – 3 сағат (екі үзіліспен)

 

Француз тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)