ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Жаркент
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Бір түп алма ағашы

Бір түп алма ағашы

Сипаттама

Күтімсіз гүл де солады, ағаш та қурайды.

Мейірім нәрін молынан сіңірген мәуелі ағаш жемісін көбірек салады. Күретамырдан тараған қуат күшін әр бұта өзіне қажетті мөлшерде ғана қабылдай алмаса, жапырақ сарғаяды, бұта да сынады, алып ағаш та құлайды. Адам да солай… Береке-бірлік, татулық болмаған отбасында жүректің жылуы қайдан болсын?!

«Өмір… Өмір… Өмір бәрібір өз дегенін істемей қоймайды. Тағдырмен күресу үшін, таусылмас күш, талмас қажыр-қайрат керек.Адамдар ержетіп, шаңырақ көтеріп бөлек шыққан соң бір-бірінен суынып, бауырлар бөтенсіп кетуі керек пе? Ондай заңды кім шығарды?! Әлде, бұл табиғаттың заңы ма?.. Олай болса, ондай заңның көк тиынға керегі не?!..»

Құрметті көрермен!
Міне, осындай сұрақтарға жауап іздегіңіз келсе, оқиға төркіні бір отбасының төңірегінде өрбитін «Бір түп алма ағашы» драмасын көруге келіңіздер!

Толық оқыңыз
  • Өткізу орны

    Ақтау Қ., 8-шағын аудан, 28/2, Жантөрин атындағы Маңғыстау драма театры

  • Спектакльдің авторы

    Ә. Оразбеков

  • Қоюшы Режиссер

    М. Ахманов

  • Жанр

    драма

  • Ұзақтығы

    1 сағат 40 мин

  • Жас шектеуі

    12+, Ескерту 12 жасқа толмаған баламен кіруге болмайды!

  • Қосымша

    15 минут кешіккен көрермен залға кіруге тыйым салынатынын қаперіңізге береміз!!!!

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • Басты бетте таңдалған сүзгілер үшін сеанстар жоқ

    Таңдауды өзгертіңіз немесе сүзгілерді қалпына келтіріңіз