rebranding

Мерекелік концерт «Көктем ару»

 

2022/2023                   Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал                Х маусым

7 наурыз * сейсенбі * 19.00

 

Мерекелік концерт

«Көктем ару»

 

Көктем – жаңару сәті, махаббат мезгілі. «Астана Опера» театрының Камералық залында Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктем ару» мерекелік концерті өтеді.

«Астана Опера» театрының опера солистері, хор әртістері мен оркестрі ару қыз-келіншектерге әлемдік опера классикасының ең жарқын, құштарлыққа толы, лирикалық, жан толғандырар арияларын, сонымен қатар қазақ, орыс, неополитандық әндер мен романстарды сыйға тартады.

Бұл таңғажайып музыкалық шоу – көктем мерекесіне орай нәзік жандыларға керемет тарту болары анық.

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады