Scorpions в Алматы

Вокал сиқыры

Концерт

«Вокал сиқыры»

2018 жылдың 19 қаңтары «Астана Опера» театрының Камералық залында «Вокал сиқыры» концерті өтеді. Концертте жас сопрано Әйгерім Сәрсенова (Австрия) мен оның тәлімгері – опера сахнасының примадоннасы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Астана Опера» театрының жетекші солисі Майра Мұхамедқызы, Антонио Каранджело (тенор, Италия), Биляна Ковач (контральто, Италия) өнер көрсетеді. Концертмейстері – Мария Лексова (Чехия).

Осы кеште батыс еуропалық, орыс және қазақ композиторларының танымал ариялары, романстары мен әндері шырқалады.

 

Әйгерім СӘРСЕНОВА (сопрано) Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін тамамдады. Қазіргі таңда веналық Carangelo Belcanto Academy және Institut für Klavierkunst (ұстаздары - Беляна Ковач, Ведрана Ковач) оқу ордаларында білім алуда. Италия мен Чехиядағы шеберлік сабақтарына қатынасып, Тревизо (Италия) және Карловы Вары (Чехия) қалаларында өткен концерттердің қатысушы атанған.

 

Антонио КАРАНДЖЕЛО (тенор)

Женева консерваториясында және Озимодағы (Италия) Вокалдық өнер академиясында (Accademia d’Arte Lirica) білім алған. Марио дель Монако және Этторе Кампогальяни сынды белгілі ұстаздармен шеберлігін шыңдаған. Женеваның Үлкен театр сахнасында алғаш рет өнер көрсетіп, көптеген театрларда ән шырқады, бірақ Нью-Йоркте өткен Дж.Вердидің аттас операсында Эрнани партиясын орындағаннан кейін шынайы жетістікке қол жеткізді.

Бүгінде Венадағы The Carangelo Belcanto Academy орталығында өз тәжірибесімен бөлісіп, Еуропа елдерінде шеберлік сабақтарын өткізуде.

Карловы Вары қаласындағы (Чехия) Антонин Дворжак атындағы Халықаралық опера әншілері байқауының құрметті әділқазы мүшесі.

 

 

Концерттің ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция  орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады