Scorpions в Алматы

Қарагөз

Ғазиза Жұбанова

«ҚАРАГӨЗ»

2 бөлімді балет

«Астана Опера» МОБТ-да қазақтың атақты композиторы Ғазиза Жұбанованың музыкасына жазылған «Қарагөз» балеті қойылады.

Хореография авторы – Еуропалық балет академиясының профессоры, халықаралық балетмейстерлер байқауының лауреаты Вакиль Усманов (Австрия). Қоюшы дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов, дирижер – Арман Оразғалиев, қоюшы суретшілер – Софья Тасмағамбетова және Павел Драгунов.

 

«Қарагөз» балетінің атауы «махаббаттың драмаға толы кездері» тақырыпшасына тегін ие болып тұрған жоқ. Мөржан бәйбішенің қолқалауымен басты кейіпкер өзі бай, білімді әрі сымбатты Наршаға күйеуге шығуы керек, алайда арудың жүрегі Сырым салға берілген. Ру дәстүріне қарсы келу мен махаббатқа деген құқығын қорғау әрекеті ақыр соңы барлығы үшін қасіретпен аяқталады: есінен адасқан Қарагөз қайтыс болады, оның адал күйеуі Нарша өлімде де жарымен бірге болуды ұйғарады, Сырым ашынуда, Мөржан бәйбішенің кеудесі кеште болса өкінішке толып, қайғыға малынуда...

 

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР:

Қарагөз – Әнел РҮСТЕМОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Нарша –    Тайыр ҒАТАУОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Сырым –   Айбар ТОҚТАР

Мөржан – Әсел ШӘЙКЕНОВА

 

 

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ,

СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ ЖӘНЕ ХОРЫ

 

 

Ұзақтығы – 2 сағат (бір үзіліспен)