«ОПЕРА ДЕГЕН НЕ?» дәріс-концерті
Өтетін орны: «QAZAQSTAN» ОКЗ (Мәңгілік ел, 10/1)
Күні: 2022 жылғы 10 желтоқсан
Басталуы: 12: 00
Әртістер:
Тұрақ:
Жас шектеуі: 7+
Қосымша:
Құрметті өнерсүйер қауым! 2022 Балалар жылына орай «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Балалар филармониясы» жобасы аясында «Опера деген не?» атты дәріс-концерт өткізеді.
Классикалық вокал деген не? Ән айту дауыстары мен олардың жіктелуі қандай? Академиялық ән айтудың эстрадалық ән айтудан айырмашылығы неде?.. Шеберлік сабақта опералық вокал жанры туралы айтылады.
Іс-шара барысында дәріске қатысушылармен ән айту жаттығулары жүргізіліп, ең көп таралған сопрано, баритон, тенор дауыстағы әндер орындалады. Сондай-ақ, мюзиклдер мен оперетталардың ариялары, романстар мен классикалық әндерді орындау шеберлігі қамтылады.
Дәрісті Мәдениет саласының үздігі, пианист-сүйемелдеуші, вокал коучі Дина Мирманова жүргізеді.