Афиша спорта в Усть-Каменогорске

Өмір бойғы танго

2016 / 2017                    Камералық зал            IV маусым

14 маусым * сәрсенбі * 19.00

«FORTE TRIO» ШАҚЫРАДЫ

«Өмір бойғы танго»

концерті 

Концерт бағдарламасында А.Пьяццолла, Ф.Э.Бах, И.Брамс, М. де Фалья, П.Чайковский, А.Хачатурян және басқа да композиторлардың би жанрындағы шығармалары орындалады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік «Форте-трио» құрамы:

Еркебұлан Сапарбаев (скрипка)

Мұрат Нарбеков (виолончель)

Тимур Урманчеев (фортепиано)

Сонымен қатар концертке Равиль Отарбаев (баян) қатысады

Көркемдік жетекшісі – Тимур Урманчеев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

«Форте-трио» барлық музыканттары – танымал аспапшылар, халықаралық байқаулардың лауреаттары. Ұжымның репертуары айтарлықтай бай және бороккодан джазға дейінгі әртүрлі стильдер мен бағыттардағы шығармалардан құралған. Өз орындаушылық шеберліктерін көрсете отырып, трио классикалық музыканы сүйіп тыңдаушылардың жүрегін жаулап алады. Ұжым шығармашылығында қазақ халық музыкасы және Қазақстан композиторларының шығармалары ерекше орын алған.

Музыканттар сонымен қатар оркестрмен бірге, әртүрлі солистермен – аспап шеберлері және әншілермен бірге ансамбльде өнер көрсетеді.

Мемлекеттік трио – көптеген халықаралық фестивальдердің қатысушысы, бірнеше рет Еуропа мен Азияның айтулы концерт алаңдарында Қазақстанды танытқан.

Бағдарлама:

А. Пьяццолла. «Күз», «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері» циклынан

Ф.Э. Бах. Үш ескі би

А. Пьяццолла. «Қыс», «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері» циклынан

П. Чайковский. «Щелкунчик» балетінен Интермеццо, Трепак

А. Пьяццолла. «Көктем», «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері» циклынан

И. Брамс. Үш венгер биі, № 1, 4, 5

А. Пьяццолла. «Жаз», «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері» циклынан

М. де Фалья. «Жалынды би»

А. Хачатурян. «Вальс» (М.Ю.Лермонтовтың «Маскарад» драмасына музыка)

А. Пьяццолла. Танго «Oblivion» («Генрих IV» фильміне музыка)

Нино Рота. «Amarcord» (аттас фильмге музыка)

Р.Гальяно. Танго для Клода

 

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут 

Дирекция өзіне орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады