Scorpions в Алматы

«МАРИЦА»

2022 / 2023                    Үлкен зал            Х маусым

11 тамыз * жұма * 19.00

 

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының

ГАСТРОЛІ

(11–13.08.2023)

 

И.Кальман

«Марица»

2 бөлімді оперетта

Либретто: К.Греков

 

Ұзақтығы: 2 сағат 15 минут

Жас шектеуі 10+ екеніне назар аударуларыңызды сұраймыз.

Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

 

Премьерасы 2006 жылғы 12 мамырда өткен

 

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Қоюшы режиссер О.Зимин

Қоюшы балетмейстер Марина ЛЕПИЛИНА (Ресей, Мәскеу)

Қоюшы дирижер Роман КАЛОШИН

Қоюшы суретші Мәлік БАЙКЕНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Хормейстер Татьяна ШТЫКОВА, «Кұрмет» орденінің кавалері

 

Бай әрі жас жесір графиня Марица беймаза кездесулерден зеріккені сонша, аты-жөнін «Сыған бароны» опереттасының афишасынан тапқан – Коломан Зупан дегенге тұрмысқа шығатынын газет арқылы хабарлауға бел байлайды. «Керемет, күйеу деп осыны айт, бар деуге де болады, жоқ деуге де болады. Жұрттың бәрі бірдей операттаға бармайды ғой». Марица құрбысы баронесса Виолеттамен бірге өз қожалығына келген кезде сығандарды және өзі жоқта жалдаған басқарушы Тасиллоны көреді. Баронесса Виолетта сығандардың арасынан өзін отыз жыл бұрын жақсы көрген Шандорды көзі шалады. Виолетта өзгеге тұрмысқа шығып кеткен соң, ол сығандардың ортасына кетіп қалған болатын. Қазір ол осы Шандорды ғана сүйгенін түсінді. Дәл осы сәтте, опереттаға бәрі бірдей бармаса да, жақын маңайдан, Вараздиннен нағыз Коломан Зупан табылып, оған шешесі графиня Марицаның онымен сөз байласқаны туралы жариялаған газет жазбасын көрсетіп жатты.

Романтикалық венгр-сыған мотивтері, олардың арманшылдығы, импровизациялық әшекейлердің сәнді жарқылы бізге кейіпкер әйел мен оған ғашық қаһарманның сезімдерін суреттей жеткізеді.

Опереттада театрдың жетекші вокалистері, хор және балет әртістері өнер көрсетеді.

 

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттерді спектакльдер болмайтын немесе күні ауыстырылған жағдайда ғана ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және ауыстыру жүргізілмейді.