Jullien Dassin

Сенен асқан жан жоқ…

«Астана Опера» театрының Үлкен залында Халықаралық әйелдер күніне арналған «Сенен асқан жан жоқ…» атты концерт өтеді.

Сахнада өнер көрсететін «Астана Опера» театрының солистері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – Нұрлан Бекмұхамбетов, Жан Тапин, Талғат Мұсабаев, Медет Шотабаев, Азамат Жылтыркөзов, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі Альфия Каримова; халықаралық байқаулардың лауреаттары – Айзада Капонова, Салтанат Мұратбекова, Татьяна Вицинская, Гүлжанат Сапақова, Галина Чеплакова, Нарұл Тойкенов, Ермек Қасым, Мәдина Исламова, Рамзат Балакишиев, сондай-ақ оркестр солистері Айсұлу Бәйкенова, Бағдат Әбілханов (скрипка) және т.б.

Бағдарламада Дж.Пуччинидің «Джанни Скикки», Дж.Вердидің «Риголетто» және «Дон Карлос», Г.Доницеттидің «Махаббат шырыны», П.Чайковскийдің «Пиковая дама», Ж.Массненің «Ауыл абыройы», Ш.Гуноның «Фауст», Ж.Оффенбахтың «Гофман ертегілері», Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу» операларынан ариялар мен дуэттер, сонымен қатар Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» (А.Мұхитдиновтың музыкалық редакциясында) және Ж.Бизенің «Кармен» операларынан сахналық көріністер, К.Орфтың «Кармина Бурана» кантатасынан үзінді көрсетіледі.

Халық әні «Құсни Қорлан», Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас», сондай-ақ Гардельдің «Әйел иісі» фильмінен «Танго», непополитандық әндер тақырыбында попурри («О, соле мио», «Қыздар, айтыңыздаршы», «Таңсәрі», «Гранада», «Ғашық солдат») және т.б. шырқалады.

Концертке «Астана Опера» симфониялық оркестрі, хоры және балалар хоры қатысады.

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады