Jullien Dassin

Тағы да махаббат жайлы

Концерт

«ТАҒЫ ДА МАХАББАТ ЖАЙЛЫ»

2017 жылдың 14 наурызында «Тағы да махаббат жайлы» атты камералық музыка кеші өтеді. Бағдарламада классик композиторлардың камералы-вокалдық туындылары шырқалады, сондай-ақ, «Астана Опера» театры жетекші солисттерінің орындауындағы опералардан ариялар мен дуэттер де көрермен назарына ұсынылады.

Нағыз опера әншісі, колоратуралық сопрано Альфия Каримова «Астана Опера» театрының жарқыраған солистері – Нұрлан Бекмұхамбетов, Талғат Мұсабаев және Барсег Туманянмен бірге өнер көрсетеді. Бұл керемет әртістердің әрқайсысы әйгілі опера және концерт алаңдарында өнер көрсеткен. Ал енді бастарын біріктіріп, нағыз таланттар кешін өткізбекші. Концерттің ұйымдастырушысы – дарынды пианист, концертмейстер, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы қорының лауреаты – Гаухар Тасбергенова.

«Тағы да махаббат жайлы» концертіне келіп, өзіңізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаңыз.

Орындаушылар:

Альфия Каримова, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі (сопрано)

Нұрлан Бекмұхамбетов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Татарстанның еңбек сіңірген әртісі (тенор)

Талғат Мұсабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (баритон)

Барсег Туманян, Арменияның халық әртісі (бас)

Гаухар Тасбергенова (фортепиано)

 

 

Концерттің ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады