Scorpions в Алматы

Керемет үйлену тойы

Теміртау театрының әртістері сахна төрінде жандандырған комедия жанрындағы ең күлкілі заманауи пьесаларының бірі. Пьесаның еліктіргіш сюжеті осы дүниедей мәңгілік жасайтын махаббат тақырыбын көтереді. Осымен бірге қойылымның режиссері сезім шынайылығы, адалдық пен шыншылдық секілді өзекті сұрақтарға жауап қарастырады. Р.Хоудонның пьесасы жағдайлар комедиясының барлық дәстүрлері мен талаптарына сай құраған: бір төсекте күйеу жігіт пен мүлде бөтен қыз қалайша тап болды? Бұл мәселенің жауабын қызғаншақ қалыңдыққа түсіндіріп көр! Күйеу жігіт те, оның досы да, досының қалыңдығы - жалпы кейіпкердердің барлығы осы шиеленіскен оқиғаға тартылып, оның шешімін табуға мәжбүр болады. Бекітілген керемет үйлену тойының уақыты жақындап келеді... Ушыққан мәселенің байыбына жету олардың қолынан келеді ме екен?

Рөлдерде:

Бил – Олег Керимов;
Рейчел – Ирина Мальчихина;
Том – Никита Колесов, Айдар Мукашев;
Джуди – Анастасия Агафонова;
Джули – Ольга Зверьева;
Дафни – Наталья Снегирева.