Scorpions в Алматы

Ars Amandi. Махаббат өнері

М. Цветаеваның шығармаларына негізделген 2 актілі иммерсивті музыкалық-поэтикалық қойылым.

Ақын қыздың кенет ұмтылыс пен шынайы ақжүректікке толы жан дүниесінде билік ететін Ұлы махаббат және өмір туралы оқиға. Замандастарының естерінде Марина Цветаева қандай болған екен? Нағыз тізгінсіз жойқын, өлең толқынымен көмкерілген әйелдік мінез - кеш келген өкініштен зардап шеккен жарқын және назды тынышсыз жан ба, әлде сөзбен жеткізілмес сиқырға ие проза өнерінің майталманы ма? Кілең қарамақайшылықтар бейнесі алдарымызда - махаббатта, өмірде, шығармашылықта, барлық дүниеде - әйел шарықтауы - қарапайым әйел ретінде, ана ретінде, махаббат адамы ретінде, тілек ретінде... 

Ішкі еркіндігімен, баға жетпес шынайылығымен және қайталанбас көркем әлемімен көмкерілген Марина Цветаеваның өзіндік өлеңдері поэзия сүйер адамдардың көңілдерінен шыққан еді, себебі оның өлеңері - бұл жанның еркін шарықтауы, ерекше екпін, иірімділік, күтпеген кідірулерге толысқан, ой-сана мен сезімдер болысқан нағыз дауыл бейнесі. Уақыттың жанды тынысындай, нәрлендіргіш толқын болып адамдардың жүректерін ем мен берік күшке толыстырады.