Scorpions в Алматы

Алдар Көсенің шытырман оқиғалары

Қазақ ауыз әдебиетінің ең танымал және ең сүйікті кейіпкері Алдар Көсе болар. Оның аты кедейлердің құтқарушысы ретінде әйгілі. Ақыл мен айлаларының арқасында ол сараң байларды, жалқауларды, ақымақтарды алдап, жазалайды. Ал біздің қойылымызда Алдар Көсе игілікті Робин Гудпен теңестіріледі, алайда оның қаруы садаө пен жебе емес, сөз бен сана. Қойылымның авторы А.Салаева көрермендерге өз істері үшін жауапкершілікті мойынға алу керектігін, мақсаттарымызға қара күш пен алдау арқылы емес, білім және адал еңбекпен жету арқылы өол жеткізу керек екенін дәріптегісі келді. Алдар Көсе туралы ертегілер - қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, халық даналығы мен рухани жомарттықты қамтитын дәстүрлерін айқын бейнелейтін ауыз әдебиетінің керемет үлгісі. Алдар Көсенің қызықты шытырман оқиғалары туралы жарқын, музыкалық, әсерлі қойылымы барлығының көңілінен шығады.