Scorpions в Алматы

Жұбайлар жұмбағы

Жұбайлар жұмбағы(Жарқанат)/Театр им. КуанышбаеваАвторы: И. Штраус

Премьерасы өткен уақыт: 20,21,30 қазан 2021 ж.

Қоюшы режиссері: Н. Жұманиязов

Жанр: музыкалық комедия

Ұзақтығы:

Жас ерекшелігі: 

 

 

 

 

«Жұбайлар жұмбағы» - ХІХ ғасырда әйгілі австриялық композитор Иоганн Штраустың қаламынан туындаған музыкалық шығарма. Туынды алғаш сахнаға шыққан сәтінен бастап театр көрермендерінің ыстық ықыласына бөленген. Филиграндық иронияға және нәзік әзілге құрылған  музыкалық комедияның мелодрамалық және комедиялық стилі көрерменге оңай қабылданады, ал жағымды, қарапайым музыкасы мереке мен бақыт сезімін сыйлайды.

«Жұбайлар жұмбағы» шығармасының сюжеті әрқашан өзекті болып табылады. Себебі онда отбасылық өмірдің, ерлі-зайыптылық қатынастардың, махаббат пен қызғаныштың, қуаныш пен қайғының мәңгілік мәселелері сипатталған. Шығарманың басты кейіпкерлері кездесетін ерекше жағдай көрермен үшін бүкіл эмоциялар палитрасын ашады. Опасыз Эйзенштейн әдемі бейтаныс кейпінде пайда болған өзінің әйеліне ғашық болуға мәжбүр болады, ал  сұлу да сымбатты Розалинда ескі сезімдерді қалпына келтіру және отбасылық ошақты сақтау үшін әйелдердің даналығы мен сүйкімділігінің жаңа қырларын түсінуі керек.

Жұбайлар өмірінде сыр мен жырға, жұмбаққа толы сәттер көп кездеседі. Олардың арасында жазылмаған заңдылықтар мен ережелер болады. Ерлі-зайыптылар тұтастығы мен ерекшелігін сақтап қалуда жасалған әрекеттер махаббат заңымен ақталып, қолдау табады.