Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

Классиктермен диалог

«Квартет шақырады» циклі

«Классиктермен диалог» концерті

 

2017 жылдың 16 маусымында белгілі қазақстандық ұжым – Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті квартетінің концерті өтеді.

Бұл Қазақстанның ғана емес, көптеген беделді халықаралық музыка байқауларының марапаттарына ие болған, әлемнің ең үздік камералық ансамбльдерінің бірі. Ғ.Жұбанова атындағы квартет жоғары орындаушылық шеберлігімен, техникасының өрнектілігімен, тек талантпен ғана емес, көп еңбектенудің нәтижесімен келетін таза әрі үйлесімді үнімен ерекше.

Квартет «Астана Опера» театрының Камералық залында «Квартет шақырады» циклінің аясында концерттер тізбегін жалғастырады. Концерт бағдарламасында классиктердің камералық музыкасы шырқалады.

«Классиктермен диалог» концертінде Вена композиторлық мектебінің классигі Й.Гайдн, француз импрессионисті М.Равель және заманауи отандық композитор Қ.Шілдебаевтың шығармалары орындалады.

Бағдарлама:

Й.Гайдн. №2 ішекті квартеті, ре минор, op. 76

М.Равель. Фа мажор ішекті квартеті

Қ.Шілдебаев. «Ішекті квартетке арналған триптих»

Ішекті квартет құрамы:

Айдар Тоқталиев (1-ші скрипка)

Алексей Лебедев (2-ші скрипка)

Бекзат Сайлаубайұлы (альт)

Ернар Мыңтаев (виолончель)

 

Көркемдік жетекшісі –

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев

 

Концерттің ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады