Туры

Леди Макбет

Қала сыртында зерігу, рухани жұтау, ішкі мағынасыздық адам баласын өз кейпін жоғалтуға мәжбүр етеді, нағыз тұрпайы құбыжықтарды тудырады... Немесе Катерина Измайлова махббатпен шатастырған дәл сондай тұрпайы сезімдерді оятады.

Режиссер Олег Плаксиннің (Мәскеу, «Современник») «Леди Макбет» спектаклі криминалдық драма жанрында қойылған. Бас кейіпкер, қарт күйеуімен некеде қызықсыз өмір сүретін қызба әйел, жас сымбатты жігітке ғашық болады. Бұл сезімнің өрбуіне еш мүмкіндік жоқ болып көрінеді. Алайда рухты, құмар, бақытқа құштар Катерина адамгершілік, жалпы адами ақылақ пен Құдай заңдарын елемей, барлық кедергілерді жолынан жояды. Дәл осы сәтте Құлдырау бастау алады...