Туры

Өтетін орны: Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 10/1, «Қазақстан» ОКЗ гастрольдік сахнасы

Күні: 1 наурыз 2023

Басталуы: 19:00

Әртістер: 

Тұрақ: 

Жас шектеуі: 

Қосымша:

 

 

 

 

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы аты аңызға айналған қазақстандық шығармашылық ұжым «ГҮЛДЕР» Ансамблінің жаңа құрамының тұсаукесеріне шақырады.

2023 жылдың 1 наурызында «QAZAQSTAN» орталық концерт залында «ГҮЛДЕР» Ансамблінің тұсаукесері өтеді. Кешке қазақ эстрадасының майталманы, «ГҮЛДЕР» Ансамблінің алғашқы солистерінің бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Роза РЫМБАЕВА, жас әншілер Мәди СЫЗДЫҚОВ, Зарина БОЖАҚОВА, Дидар ӘБДІХАЛЫҚ және Салтанат МЕҢДІҒАЛИЕВА, «TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблі мен «Steppe Sons» фольклорлық тобы қатысады.

Қазақ өнерінің інжу-маржаны – «ГҮЛДЕР» Ансамблін 1969 жылы ҚР халық әртісі Гүлжихан Ғалиева құрған. Аталмыш Ансамбль үлкен танымалдылыққа ие болды, көптеген шет мемлекеттерде сахнаға шығып, ел мақтанышына айналды. Қазақстанның белгілі әртістері Сара Тыныштығұлова, Роза Рымбаева, Қапаш Құлышева, Қайрат Байбосынов, Айжан Нұрмағамбетова, Мақпал Жүнісова, Нағима Есқалиева, Майра Нүркенова, Жеңіс Ысқақова, Бақыт Шадаева, Бақтияр Тайлақбаев, Сембек Жұмағалиев, Гүлнәр Сиқымбаева, Қанат және Айткүл Құдайбергенов сынды өнерпаздар өз шығармашылығын бастады.

Бас балетмейстер - Анвара САДЫҚОВА, жобаның көркемдік жетекшісі әрі дирижері Серік ДӘУЛЕТОВ.