Scorpions в Алматы

Astana Ballet EXPO GALA. 24 маусымда

Astana Ballet EXPO GALA. 24 июня«Астана Балет» Театры «Астана Балет ЕХРО GALA» бағдарламасын ұсынады. Бағдарламада бір актті балеттер «Love Fear Loss» (Махаббат Жоғалту Үрей), «Gaia», «Diversity» (Бидің түрлілігі) және ұлттық стильде қойылған хареографиялық миниатюралар «Арулар» (Сұлулар), «Әсем коңыр». 

«Әсем қоңыр»

Музыкасы Д. Нүрпейісова

Хореография Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А. Тати

Костюмдер бойынша суреткер С. Бағдат

МАХАББАТ ЖОҒАЛТУ ҮРЕЙ /Love Fear Loss

Музыкасы Э. Пиаф, Ч. Дюмонта и Ж. Бреля

Хореография, сценография, жарық, костюмдер - Рикардо Амаранте

Балет Эдит Пиафтың тамаша музыкасы мен ерекше ғұмырына келтірілген, себебі әр па-да-де бауыр басу, махаббат, қорқыныш пен жоғалу сезімдерін оятады. Оның музыкасы өз өмірінің айнасы еді. Өнер жолының басында дәл соның махаббат туралы әндері әлемді жаулап алды. «Махаббат әнұраны» өзі де, басқалар да қарым-қатынастардың жаңадан басталып келе жатқандағы сезінетін сезімдерді бейнелейді. 

 «Арулар»

Халық-фольклорлық «Тұран» тобының музыкалық композициясы

Хореография Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А. Тати

Костюмдер бойынша суреткер М. Жұмағалиев

Gaia

Музыка Хекель Таварес

Қоюшы-хареограф, костюмдер және жарық бойынша суреткер – Рикардо Амаранте

Gaia – хареографияның заманауи тілінде айтылған Жер ғаламшары жайлы жарқын және өткір оқиғасы. Gaia төрт элементтерден тұратын Жерді бейнелейді: су, жер, от және ауа. Бірақ Жердің тыныс ала алмайтын тағы біреуі бар – ол орман. Элементтердің әрқайсысы ғаламшардағы өмірді қалыпта ұстап тұру үшін қажет. Бірге олар біртұтас болады да, Gaia – сүйетін және мықты, нәзік және қамқор Жердің әйел құдайының негізін құрайды. 

Бидің түрлілігі /Diversity

Хореография Рикардо Амаранте

Сценография, костюмдер, жарық - Рене Салазар

“Diversity” балеті көрермендерге керемет балет әлеміне өткенге шолу саяхатын жасауға мүмкіндік береді. Уақыт музыкалық сүйемелдеуді, костюмдерді, бишілер қозғалысын өзгертті, бірақ мәңгі жас өнер өткен дәуірлердің романтикалығын сақтай алды, неоклассканың қиын элементтерімен молая түсті, жан-жақтылыққа толы бүгінгі әлемге сай стилін, динамикалылығын тапты, заманға сай бола білді.