Jullien Dassin

Ғажайып үннің шарықтауы

Ғажайып үннің шарықтауы

 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының лауреаты Азамат Жылтыркөзов (баритон) және Қ.Жұмакенов атындағы флейташылар квартетінің қатысуымен вокалдық музыка концерті өтеді. Фортепиано партиясында – Сара Асабаева.

Батыс еуропалық классика, сондай-ақ қазақ, орыс, армян, татар композиторларының аспаптық шығармалары, әндері, романстары, опера ариялары шырқалады.

Азамат Жылтыркөзов – көптеген мәртебелі вокалистер байқауларының лауреаты. Жақында, маусым айында Ереван қаласындағы Арам Хачатурян атындағы ХІІІ халықаралық конкурстың екінші сыйлық иегері атанды, сонымен қатар орыс композиторы арияларының, халық әндерінің және Тигран Чухаджянның «Аршак Екінші» операсы арияларының үздік интерпретаторы ретінде үш арнайы сыйлық иеленді.

Ресей, Қытай, Жапония, Түркия, Швейцария, БАӘ, Сауд Арабиясы, Иордания, Австрия, Үндістан, Оңтүстік Корея, АҚШ («Капричии» скрипкашылар ансамблімен) және басқа елдерде гастрольдік сапарда болды.

Сара Асабаева – профессор, Қазақ ұлттық өнер университетінде фортепиано кафедрасының меңгерушісі.

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады