rebranding

Туған еліме тілегім

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай

«ТУҒАН ЕЛІМЕ ТІЛЕГІМ»

мерекелік концерті

1 мамыр күні «Астана Опера» театрының Үлкен залында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Туған еліме тілегім» концерті өтеді.

Концертте театрдың опера және балет солистері, хоры мен оркестрі қатысады.

Опералардан сахналық көріністер, ариялар дуэттер және қазақ композиторларының әндері шырқалады. Сондай-ақ қонақжай қазақ жерінде бір шаңырақ астында ұзақ жылдар бойы тату-тәтті өмір сүріп жатқан көптеген этностардың өнері ұсынылатын болады. Қазақ, орыс және батыс еуропалық композиторлардың операларынан алынған ұлттық билерді орындайтын балет әртістері де көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлайтын болады.

Солистер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Салтанат Ахметова, Маргарита Дворецкая, Бибігүл Жанұзақ, Дина Хамзина, Жан Тапин, Байғали Момбеков, Талғат Мұсабаев, Жанат Шыбықбаев, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі Альфия Каримова, Арменияның Халық әртісі Барсег Туманян; халықаралық байқаулардың лауреаттары Татьяна Вицинская, Мәдина Исламова, Бейімбет Таңарықов, Галина Чеплакова, Елена Ганжа, Рамзат Балакишиев, Евгений Чайников, сондай-ақ балеттің солисті Әнел Рүстемова және т.б.

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады