Jullien Dassin

«Сөзсіз опера» 

«Астана Опера» театрының Камералық залында «Сөзсіз опера» атты концерт өтеді.

Бағдарламада: классик композитордың опералардан алынған тақырыптарға парафразалары мен транкрипциялары орындалады.

Музыкадағы парафраза – танымал әндер мен опера ариялары тақырыптарына жазылған, көбінесе фортепианоға арналған музыкалық виртуозды фантазия. Көптеген көркемдік жағынан мәнді парафразаларды Ф. Лист жазған (Дж. Вердидің «Риголетто» операсының тақырыптарына, П. Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсынан алынған полькаға парафразалар және т.б.).

Транскрипция – музыкалық шығарманы басқа аспапқа ыңғайлау немесе сол аспаптың өзі үшін баяндалуын жеңілдету мақсатында (асқан шеберлікпен) қайта өңдеу. Транскрипциялар ХVI-ХVII ғғ. пайда болғанымен, шеберлікті талап ететін концерттік жанр ретінде танымалдылыққа ХIХ ғ. бірінші жартысында ие болған. Салонда орындалуға сай шеберлікпен ерекшеленетін фортепианолық транскрициялар көбінесе танымал опера әуендерінің өңделуі болып табылған.

Концертте «Астана Опера» окестрі әртістерінің асқан шебер орындауында опера ариялары мен көріністер ұсынылатын болады.

Орындаушылар:

Долорес Үмбетәлиева (халықаралық байқаулардың дипломанты, фортепиано)

Қаламқас Жұмабаева (скрипка)

Валерий Моисеенко (скрипка)

Ахмет Сұлтанов (альт)

Фахриддин Хусниддинов (виолончель)

Анатолий Якушкин (контрабас)

Бағдарламада:

  1. А. Баццини. Дж. Вердидің «Травиата» операсынан тақырыпқа фантазия
  2. Н. Паганини. Дж. Россинидің «Моисей» операсынан тақырыпқа вариациялар
  3. И. Фролов. Дж. Гершвиннің «Порги және Бесс» операсынан тақырыпқа концерттік фантазия
  4. Ф. Протто. Ж. Бизенің «Кармен» операсынан Тореадордың шумақтары
  5. М. Глинка. В. Беллинидің «Сомнамбула» операсынан тақырыпқа дивертисмент
  6. Ф. Лист. Дж. Вердидің «Риголетто» операсынан тақырыптарға парафразалар

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын дирекция өзіне қалдырады