Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

Мани-мани

Мани-мани, Театр Ауезова

Автор: Р. Куни

Аудармасы: Ө. Мұқай

Режиссёр: Е. Нұртазин

Суретші: К. Құрманбекова

Киім үлгісін жасаған: Н. Тоқжанова

Композитор: Е. Нариманұлы

Премьера: 27.12. 2016 ж.

Жанр: комедия

Ұзақтығы: 1 сағ. 40 мин.

Жас санаты: 16+

 

 

Есімі әлемге танымал ағылшын комедиографы Рэй Куни комедиясының бас кейіпкері Генри Перкинс туған күнінде ойламаған жерден мол ақша тауып алады. Дипломаттағы 1 млн 750 мың фунт стерлингті өзінің өмір бойы есепші болған адал еңбегінің өтеуі деп білген ол шетелге қашпаққа бел буады. Бірақ, өзгелер оны осынша мол ақшамен шетелге оп-оңай жібере салмақ емес. Осылайша, оқиғалар қым-қуыт сипат алады, барлық  кейіпкерлердің шынайы бет-бейнесі «мани, мани» үшін күресте ашыла бастайды.  Әншейінде бәрі жақсы қарапайым адамдарды осындай бір сын сәттерде тану мүлдем қиын. Неліктен?..

  • Режиссер ассистенті: Е. Бектасов
  • Режиссер көмекшісі: А. Қабдешова