ТЮЗ г. Темиртау

«ҮШ АҒЫМДАҒЫ КОНЦЕРТ»

2022  / 2023          Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал  Х маусым

25 наурыз * сенбі * 18.00

 

 

«ҮШ АҒЫМДАҒЫ КОНЦЕРТ»

(Жұмат Шаниннің 130 жылдығына орай)

 

Танымал музыкант – скрипкашы әрі дирижер Арман Мырзағалиев «Үш ағымдағы концертін» ұсынады. Альфред Шнитке, Гия Канчели, Генри Перселл, Жан-Филипп Рамо сынды композиторлардың туындылары шырқалады.

Екі бөлімді бағдарламаға «Астана Опера» симфониялық оркестрінің бірінші скрипкасы Қаламқас Жұмабаева, соқпалы аспапта орындаушы Ерболат Ташкенбаев, пианист Зәру Жазықбаева, сондай-ақ театрдың опера солистері, хоры және Камералық оркестрі қатысады.

 

Арман МЫРЗАҒАЛИЕВ

Кәсіби қазақ театр режиссурасы мен қазақ музыкалық-драмалық театрдың негізін қалаушы, тұңғыш Қазақ КСР Халық әртісі Жұмат Шаниннің тікелей ұрпағы бола отырып, еліміздің орындаушылық өнерін шетелде лайықты деңгейде таныстыруда. Скрипкашының жарқын әрі әмбебап орындаушылық дарыны шартараптың талғампаз тыңдарманының ыстық ықыласына бөленуде.

К.Байсейітова атындағы Республикалық музыкалық мектепті (профессор Светлана Әбдісадықованың сыныбы), П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын және Longy School of Music extention division of Harvard University мектебін бітірген. Еуропа, Шығыс Азия, Солтүстік және Оңтүстік Американың концерт залдарында солист әрі ансамбль бойынша серіктес ретінде өнер көрсеткен.

Ол әр жылдары ынтымақтас болған көрнекті есімдер қатарында Иври Гитлис, Джозеф Сильверстайн, Левон Амбарцумян, Йоэл Леви, Гия Канчели, Мстислав Ростропович, Валентин Сильвестров, Пол Шонфилд және т.б. бар.

Қазақстанда Арман Мырзағалиев FORTE MUSIC FEST халықаралық классикалық музыка фестивалінің және «Раушан мен жел» (Winds’n’Roses Orchestra) оркестрінің негізін қалаушы әрі әртістік директоры, РЕМИ камералық ансамблінің, СЕЗОНЫ классикалық музыка концерттері сериясының негізін қалаушы ретінде, ал АҚШ-та (Бостон, Массачусеттс) Жаңа Англияның камералық музыка қоғамының негізін қалаушы әрі белсенді қатысушысы ретінде танымал.

Арман Мырзағалиевтың сәнді, кейде эстетикалық концерттік бағдарламаларынан қазақстандық тыңдаушылар өздері үшін Тору Такемицу, Арво Пярт, Николай Капустин, Джордже Энеску, Альфред Шнитке, Шандор Соколаи, Аарон Копланд, Альберто Хинастера, Генри Перселл, Артуро Маркес, Джованни Бонончини сынды авторлардың музыкалық раритетері мен жауһарларын ашты.

Арман Мырзағалиев өзінің қарқынды шығармашылық қызметінде тыңдармандарын мәдениет сегменті ретіндегі классикалық музыка жанрының өзектілігіне, сонымен қатар орындаудағы жоғарғы стандартты сақтау қажеттілігіне сендіреді. Арман Мырзағалиев ұсынған кез келген бағдарлама – музыканттың зияткерлігі, ізденісі, жанкештілігі мен қажырлы еңбегінің керемет үйлесімі. 

 

Қаламқас ЖҰМАБАЕВА (скрипка) «Астана Опера» театры симфониялық оркестрінің солисі және бірінші скрипкасы. Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер саласындағы жоғарғы жетістіктері үшін мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанған. Көптеген беделді халықаралық байқаулардың Гран-при иегері әрі лауреаты. Жеке репертуарында қазақстандық, орыс және батыс еуропалық композиторлардың шығармалары бар. В.Гергиев, Ш.Дютуа, Э.Липер, К. Дженкинс, А.Анисимов, И.Вильднер, Е.Бушков, А.Аллеманди сынды танымал дирижерлермен қызмет еткен.

 

БАҒДАРЛАМА

БІРІНШІ АҒЫМ

1. -Альфред Шнитке. Немесе Моцарт аля Гайдн екі солист пен камералық оркестрге арналған.
Солистер:

Арман Мырзағалиев, Қаламқас Жұмабаева (скрипка),
«Астана Опера» театрының камералық оркестрі
дирижер – Арман Оразғалиев (?)

 

2.- Гия Канчели,
Скрипка мен фортепианоға арналған театр мен кино музыкаларынан үзінділер Арман Мырзағалиев (скрипка)
Зәру Жазықбаева (фортепиано)

3. Владимир Косма,
Скрипка мен фортепианоға арналған музыкалық сәт (концерт)

Арман Мырзағалиев (скрипка)
Зәру Жазы
қбаева (фортепиано)

4. Мамед Садых-Пур
Сегіз бірдей аспапқа (скрипкаға) арналған музыка

Дирижер – Арман Мырзағалиев


ҮЗІЛІС

ЕКІНШІ АҒЫМ

5. Владимир Мартынов

Скрипка мен камералық оркестрге арналған концерт Come In (глоккеншпиль)

Солистер: – Арман Мырзағалиев (скрипка), Ерболат Ташкенбаев (глоккеншпиль), Дирижер – Арман Мырзағалиев

6. Георгас Пелецис,
Скрипка, вибрафон және камералық оркестрге арналған Flowering Jasmine.

Солист – Ерболат Ташкенбаев (вибрафон)
скрипка, дирижер – Арман Мырзағалиев

7. Генри Перселл. Камералық оркестрге арналған Old Bachelor Suite

Солист – Зәру Жазықбаева (клавесин)
Дирижер – Арман М
ырзағалиев

 

 

 

ҮШІНШІ АҒЫМ

8.Жан-Филипп Рамо.

Камералық оркестрге арналған Rondo Les Indes Gallantes (5-6 мин)
Солистер:  ……….(сопрано), ……..(баритон)

Камералық хор (жетекшісі – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері)

Камералық оркестр. Дирижер: Арман Мырзағалиев

9.  Рахим Альхаж
Солистер мен камералық оркестрге арналған Unspoken Words  (5 минут)

Солистер:

Ерболат Ташкенбаев (перкуссия)
Руслан Байм
урзин (домбыра)
Арман М
ырзағалиев (скрипка)

Камералық оркестр. Дирижер – Арман Мырзағалиев

 

 

Ұзақтығы: 1 сағат 55 минут (бір үзіліспен)