Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

Париж – Астана: Дебюссиден Жұбановаға дейін

2017 / 2018                   Камералық зал            V маусым

26 қаңтар * жұма * 19.00

Концерт

«Париж – Астана: Дебюссиден Жұбановаға дейін»

26 қаңтар күні «Астана Операның» Камералық залында «Париж – Астана: Дебюссиден Жұбановаға дейін» аспаптық музыка концерті өтеді.

Осы кеште Франциядан келген музыкант қонақтар қазақстандық композиторлардың музыкасын орындаса, қазақстандық әртістер француз авторларының шығармаларын ұсынатын болады.

Мариин театры оркестрімен келісімшартын аяқтаған «Астана Опера» оркестрінің бірінші скрипкасы Қаламқас Жұмабаева жаңа маусымда алғаш рет астаналық көрерменнің алдына шығады.

Керемет француз музыканттары – скрипкашы Юг Борсарелло мен виолончелист Готье Эррманн театрымызда өнер көрсетіп, көрерменнің көңілінен шыққан болатын. Фортепиано партиясында – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының стипендиаты Гаухар Тасбергенова.

 

Бағдарлама:

П.Сарасате.       Ж.Бизенің «Кармен» операсы тақырыптарына фантазия

С.Рахманинов. №1 элегиялық трио, соль минор

Г.Форе.             «Пробуждение»

Ж.Массне.         «Таис» операсынан Meditation («Толғану»)

К.Дебюсси.        «Девушка с волосами цвета льна»

Ғ.Жұбанова.     №1 ішекті аспаптар квартеті, ре минор, 1 бөлім

К.Күмісбеков.   «Поэма»

 

 

Орындаушылар:

Қаламқас Жұмабаева (скрипка)

Юг Борсарелло (скрипка, Франция)

Толқын Қилыбаева (альт)

Готье Эррманн (виолончель, Франция)

Гауһар Тасбергенова (фортепиано)

 

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция  орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады