Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

«Алқызыл желкендер»

17 тамыз * сенбі * 2019 ж. (18.00)

 

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының

ГАСТРОЛІ

 

 

Максим Дунаевский

«АЛқызыл желкендер»

2 бөлімді мюзикл

 

Либретто авторлары – М.Бартенев, А.Усачев

Премьерасы 2018 жылғы 26 қазанда өтті

 

 

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Режиссер – «Золотая маска», «Жыл адамы», «Мельпомена», «Жыл әні» сыйлықтарының иегері Сусанна ЦИРЮК (Санкт-Петербор, Ресей);

Музыкалық жетекші – Жанна ШЕСТАКОВА;

Балетмейстер – «Золотая маска» сыйлығының екі мәрте иегері, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Владислав МОРОЗОВ (Челябинск, Ресей); 

Костюмдер бойынша суретші – халықаралық байқаулар мен көрмелердің лауреаты Татьяна КОРОЛЕВА (Санкт-Петербор, Ресей);

Жарық бойынша суретші, сценограф – Алексей ТАРАСОВ (Санкт-Петербор, Ресей);

Хормейстер – «Құрмет» орденінің кавалері Татьяна ШТЫКОВА

                             

 

«Алқызыл желкендер» – Александр Гриннің берік сенім мен асқақ арман жайындағы, әр адамның жақыны үшін ғажап дүниелер жасай алатындығы туралы феериялық хикаяты. Шығарма 1916-1922 жылдары жазылған. Бұл – небәрі сегіз айлығында анасынан айырылған Ассоль есімді қыз туралы оқиға. Ол өзінің әкесі – теңізші Лонгренмен бірге Каперна ауылында тұрған. Әкесі томаға-тұйық адам, қызметінен кеткеннен кейін кішкентай қызы мен өзінің күн көрісі үшін асқан шеберлікпен түрлі шағын желкендер және кемелердің модельдерін жасап, сатумен айналыса бастайды. Бірде сегіз жасар Ассоль қолына өзінің кішкене кемесін ұстап тұрған бейтаныс адамды көріп қалады. Бұл – «өлеңдер, аңыздар, әңгімелер мен ертегілер жинаушы» қарт Эгль еді. Ол ойыншықты Ассольге беріп, талай жылдар өткен соң, қыз бой жеткенде, оған дәл осындай алқызыл желкенді кемеде ханзада келіп, алыс елге алып кететінін айтады.