Google ad services
«Astana Open» ATP 500/теннис
тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
98 интересовались событиями этого объекта за последний час.

Театрға кіру ережелері:

  • Үшінші қоңыраудан кейін көрермен залына кіруге тыйым салынады.
  • Қойылым уақытына 19:00-ден кейін кешігіп келген көрерменнің билет орны сақталмайды және сатып алынған билеттің құны қайтарылмайды.
  • Көрермен залына сырт киіммен, азық-түлік және түрлі сусындармен кіруге болмайды
  • Қойылым басталғанға дейін ұялы телефон және басқа да шуы бар құрылғыларды сөндіріп қою қажет.
  • Қойылым барысында фото, бейне түсірілімдер жасауға тыйым салынады.
  • 12 жасқа толмаған көрермен кешкі қойылымға кіргізілмейді.
  • Билет сатып алу барысында қойылымда бекітілген жас ерекшелігін ескеруіңізді сұраймыз.
  • Қойылымға кешіккен жағдайда, билет құны қайтарылмайды.

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры 1991 жылы 15 қарашада  Ғ. Мүсіреповтің «Ақан Сері-Ақтоқты» трагедиясымен өз шымылдығын ашты.  Алғашқы қойылымды театрдың негізін қалаушы дарынды режиссер Жақып Омаров сахналады. Театр өзінің алғашқы жүлдесін 1996 жылы Уфа қаласында Түркітілдес мемлекеттер арасында өткен Халықаралық «Туғанлық» театр фестивалінде алды.

Қуанышбаев театрының марапаттары мен актерлер құрамы

Бүгінде ұлттың рухани қажеттілігін өтеп отырған киелі шаңыраққа дарынды өнер қайраткерлері: Жақып Омаров, Қадыр Жетпісбаев, Кеңес Одағының Халық артисі, «Халық Қаһарманы» Әзірбайжан Мамбетовтер жетекшілік еткен.2011 жылы 14 желтоқсанда Театр ұжымына «Мемлекеттік академиялық театр» мәртебесі берілді.

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының шығармашылық ұжымында: көркемдік жетекші – танымал театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қ.Қыстықбаев, режиссерлер, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері – Б.Ұзақов, Н.Жұманиязов, Ә. Оразбековтер  қызмет етеді. Театр директорының  қызметін – Е.Джуматаев атқарады.

Актерлық құрамында –87 актер, оның ішінде 3 – «ҚР Халық артисі», 4 – «ҚР еңбек сіңірген артисі», 23 – «ҚР еңбек сіңірген қайраткері», 3 – ҚР «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, 2 – ҚР Жастар Одағы сыйлығының иегері, 10 – «Ерен еңбегі үшін», 5 – ҚР «Серпер»   Жастар одағы сыйлығының иегері медалінің иегерлері бар.Жалпы штат 580 қызметкерден тұрады.

Тәуелсіздікпен құрдас Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ драма театрына биыл 30 жыл.2020 жылы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен елорданың асқақ сәулетіне сән берер жаңа театр ғимараты бой көтерді.   Бұл - Мемлекетеміздің өнерге деген айрықша қамқорлығы деп білеміз. 2020 жылы 26 қараша күні Елбасы Н.Ә.Назарбаев театрдың жаңа ғимаратымен танысып, шығармашылық ұжыммен кездесті. Ғимараттың жалпы ауданы 28 мың шаршы метрден асады. Мұнда 645 орындық үлкен зал, 202 орындық камералық зал, арт-галерея, мейрамхана, салтанатты кездесулер залы орналасқан.

Театр им№ К№ Куанышбаева

Куанышбаев атындағы театрының репертуары

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының репертуары көнеден келе жатқан классикалық өнер туындыларын заманға сай жаңартып, ұлттық және әлемдік драматургиямен толықтырып келеді. Елімізде және шет елдерде өткен бірнеше театр фестивалдерінде биік белестерді бағындырған ұжымның алға қойған бағыт-бағдары айқын. Ол – қазақтың театр өнерін өркендету, сөйтіп кешегі мен бүгінгі өмір арасын өнердің биік шыңы арқылы шынайы көрсету.

Театр репертуарында өндірісте – драма,трагедия, лирикалық драма, комедия жанрында 25 спектакль, балаларға арналған 3 ертегі бар. XXX маусым аясында 8-ге жуық жаңа қойылымдарды театр репертуарына енгізу жоспарда тұр.