Scorpions в Алматы
тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07

Soirée

2017 / 2018              Камералық зал                   V маусым

25 тамыз * сенбі * 18.00

Вокалдық романтикалық музыка концерті

«Soirée» («Кеш»)

«Астана Операның» Камералық залында театр солистері және Хорватиядан келген қонақ – Сандра Пламенацтың (сопрано) қатысуымен вокалдық романтикалық музыка концерті өтеді.

Сопрано Сандра Пламенац – П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының түлегі. Оның репертуарында Дидона («Дидона мен Эней», Г.Перселл), Дж.Пуччини операларынан Мими («Богема»), Чио-Чио-сан («Мадам Баттерфляй»), «Турандот» («Турандот»), Манон Леско («Манон Леско»), Тоска («Тоска») және т.б. әлемдік опера классикасының жетекші партиялары бар.

Ол Мәскеудің концерт залдары, Сорбонна Университетінің залы (Париж), Милан, Болонья, Парма (Италия), Вена (Австрия), Бар (Черногория), Берлин (Германия), Вашингтон, Нью-Йорк (АҚШ) және өзге де қалалардың храмдары мен концерттік залдарында өнер көрсетті.

 

Бағдарламада Ж.Оффенбах, В.А.Моцарт, Дж.Верди, Ж.Массне, Ш.Гуно, Ж.Бизе, Дж.Пуччини, Р.Вагнер, П.Чайковский, Н.Римский-Корсаков, Ә.Бестібаев және т.б. композиторлардың туындылары шырқалады.

 

ҚАТЫСУШЫЛАР:

Сандра Пламенац (сопрано, Хорватия)

Мәдина Исламова (сопрано)

Татьяна Вицинская (меццо-сопрано)

Рамзат Балакишиев (тенор)

Ержан Саипов (баритон)

Концертмейстер – Амина Тайкенова ин дер Шмиттен