Jullien Dassin
тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07

Музыка әлеміне ғажайып саяхат

«Музыка әлеміне ғажайып саяхат»

мерекелік концерті

Халықаралық балаларды қорғау күні «Астана Опера» театры жас көрермендерін «Музыка әлеміне ғажайып саяхат» жасауға шақырады, оларға өз өнерін – «Астана Опера» балалар студиясының хоры мен балет шәкірттері паш етеді.

Балалар мектеп қабырғасынан тікелей сиқырлы музыка әлеміне саяхатқа аттанады. В.А.Моцарттың «Сиқырлы флейта» операсынан балалар дауысына арналған үш терцетті Лаура Күлекешева, Әнел Урузбаева, Алиса Шайпак, Айша Орынбасарова, Адиля Сәрсенова, Дариға Біләлова орындайды, ал Памина партиясын шырқайтын – Гүлбану Ержанова.

Отандық композиторлардың әндері: Қ.Сақайдың «Мектеп-ана», Т.Мұхамеджановтың «Заман-ай», М.Ільясовтың «Мерекем сен» және т.б., сонымен қатар неаполитандық «О sole mio!» және ағылшын тіліндегі джаз композициялары – Х.Бибидің «Who says I can’t read music» және «Hats», Д.Шварцтың «You gotta generate heat», Л.Коэнның «Аллилуя», Х.М.Каноның «Hijo de la luna», Ф.Сарторидің «Con te partirò» (Time to say goodbye) шырқалады.

Көрермендер балаларға арналған: И.Хрисанидидің «Улитка», С.Смирновтың «Колыбельная», И.Тульчинскаяның «Муравьиный фонарщик», А.Холминовтың «Лес осенью», Е.Адлердің«На мельнице жил кот» әндерін қосылып айтуларына болады.

Балет студиясының шәкірттері қазақ биі «Дайдидау», «Недетское время», «Тихий час» және «Yellow submarine» мен «Let it go» әндеріне хореографиялық композициялар орындайды. Жапондық «Сакураны» биін күн шығыс Елінің кішкентай өкілдері – Харука Сато, Рейка Шимамура, Эри Куракава орындайды.

Ц.Пунидің «Эсмеральда» балетінен нөмірді Зағипа Әбішева көрсетсе, Э.Морриконенің музыкасына қойылған Су перісінің бейнесінде сахнаға Әнел Болат шығады.

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады