тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07

Forever Pavarotti

Forever Pavarotti 

Лучано Павароттиді еске алу (1935–2007)

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қазақстандағы Италия елшілігінің көмегімен Эмилия-Романья өлкесі мен Лучано Паваротти атындағы қор «Pavarotti Forever» бірегей жобасын ұсынады.

2007 жылы негізі қаланған Қордың басты мақсаттарының бірі – ірі көлемді халықаралық іс-шаралар арқылы маэстро туралы естеліктерді сақтап қалу және әлемдік опера кеңістігінде өсуге талпынған дарынды жас әншілерді қолдау болып табылады.

Әр кездері түрлі қалалар мен елдердегі бұл жобаның концерттерінде итальяндық шебердің атақты әріптестері – Хосе Каррерас, Пласидо Доминго, Стинг, Анджела Георгиу, Андреа Бочелли, Эннио Морриконе, Лаура Паузини, Фабио Армилиато, Даниэла Десси, Марчелло Джордани, Шерил Милнз, Чинтия Лоуренс, Дзуккеро Форначари, Лоренцо Джованотти, Джефф Бек және тағы басқалары өнер көрсеткен еді.

«Pavarotti Forever» концертінде Дж.Россини, Дж.Верди және Э.де Куртистың операларынан танымал ариялар мен дуэттер шырқалады, сонымен қатар Э.Кракамп, Дж.Бриччальди, Л.Юга, Ф.Борн, В.де Крешенцоның опера тақырыптарына аспаптық үзінділері және флейта мен фортепианоға арналған фантазиялары орындалады.

Орындаушылар:

Клаудиа САССО (сопрано)

Женишбек ЫСМАНОВ (тенор)

Андреа ГРИМИНЕЛЛИ (флейта)

Паоло АНДРЕОЛИ (фортепиано)

 

Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады