ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Toshkent
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
«Армандау уақыты» - имерсивті экскурсия-аудиоспектаклі

«Армандау уақыты» - имерсивті экскурсия-аудиоспектаклі

Сипаттама
Алматының Бас ботаникалық бағында жиі болып тұрмайтын мүлде ерекше оқиға. Қыс - бүкіл айнала ұйқыда болатын кез. Ол түсінде не көреді екен? Өткенді ме? Әлде болашақты ма? Немесе, бәлкім, бізді ме?
Бұл бақтың жолымен жүргендер туралы экскурсия-аудиоспектакль. Оның армандары мен қуаныштары туралы. Оған қонаққа келіп, сиқырға қол ұшын тигізіп, аңсаған арманын тілеуге келген әр жан туралы.
Иммерсивті аудиоспектакль қалай өтеді?
Сіздер құлаққаптарды тағып, дауыстың сөздері бойынша жүресіздер. Бұл аудиогид немесе экскурсия емес, бұл мейірімге толы отбасылық аудиоспектакль. 60 минутқа бөленетін ертегі, мұнда сіздер жай ғана тыңдаушы немесе бақылаушы болмайсыздар. Әрекеттің бас кейіпкері дәл өзіңіз боласыз. Жол барысы таза ауада жаңажылдық иллюминация бойымен болмақ.
Дауыс бойынша жүріп, сіздерге сүйікті бақтарыңыз басқа қырынан ашылып, ғажайыптарға біраз қаттырақ сене бастайтын боласыздар. Келер мерекелердің сиқырлылығына бөленесіздер.
Сыйлық ретінде өзіңізбен бірге мыңдаған әлемдік және қазақстандық фильмдерді әкететін боласыздар. Бір ай бойы сіздерде BeeTV-дегі «КИНО» 5-і 1-інде коллекциясына жазылым болады. Онда үздіксіз смартфоннан, планшеттен, ноутбуктен және тіпті теледидардан көруге болатын бес танымал онлайн-кинотеатрлардың контенттері қолжетімді болады. Ыңғайлы жерге жайғасып, көңіліңізге жағатын фильмді таңдап, ғажайыптың жалғасын табыңыз!
Иммперсивті аудиопроменад BeeTV-дің қолдауымен дайындалған. BeeTV - онлайн-кинотеатрлардың, Тв-арналардың және Алматы қаласының бас ботаникалық бағымен серіктестікте жүргізілген тікелей эфирлердің лицензияланған контенті жинақталған қолданба.
Толық оқыңыз
  • Орны

     Алматының Бас ботаникалық бағы, солтүстік кіреберіс (Тимирязев көшесі жағынан). 

  • Шығармашылық продюсер

     Анна Шелепова.

  • Мәтін авторлары

     Дарья Прыгунова, Анна Шелепова. 

  • Дыбыстық дизайнер және дыбыс инженері

     Тимур Данияров.

  • Рөлдерді танымал актерлер

     Роман Жуков, Динара Урбисинова айтты.

  • Ұзақтығы

     60 минут. 

  • Формат

     аудио серуен, театрландырылған тарих, экскурсия, приключение, қонақтармен интерактивті. Барлығы бірден және тек бізде!   

  • Жас шектеуі

     6+

  • Топтағы орындар саны

     25

  • Қосымша

    экскурсия-спектакльдің құнына Алматының Бас ботаникалық бағына кіру билеті кіреді. Кіру кезінде ақы төлеу қажет емес.

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • Басты бетте таңдалған сүзгілер үшін сеанстар жоқ

    Таңдауды өзгертіңіз немесе сүзгілерді қалпына келтіріңіз