Афиша кино в Таразе

Орфейдің қайтып оралуы

2016 / 2017                    Камералық зал            IV маусым

11 шілде * сейсенбі * 19.00

«Туған жердегі музыкалық кездесулер» циклы

«Орфейдің оралуы»

(Барокко музыкасының кеші)

Бағдарламада барокко дәуірінің ұлы композиторлары – И.С.Бах, Г.Ф.Гендель, К.В.Глюк, А.Монтеверди, В.Паер, А.Вивальди, Л.Росси, Л.Боккерини және басқалардың туындылары, соның ішінде Орфей туралы аңызға арналған опералардан ариялар орындалады.

Концертке қазақстандық жас контртенор, сирек кездесетін дауыс иегері Батыржан Смақов қатысады. Қазақ ұлттық өнер университетін тәмамдаған ол, білімін Опера өнері академиясында (Озимо, Италия) жалғастырды. Сонымен қатар жеке әндету бойынша Алла Симони, Анна Ванди («Санта Чечилия» ұлттық академиясы, Рим), Райна Кабаивански, Лелла Куберли («Ла Скала» театры, Милан), Стефано Демикелли, Антонио Юварра, Харриет Лоусон, Алессандро Бениньи, Кристина Маццавилани-Мути, Джанни Тангуччи, Уильям Матеуцци, Альберто Дзедда, Джемма Бертаньоли сияқты профессорлардың шеберлік сабақтарына қатысқан. Қазіргі уақытта Қазақконцерттің солисті болып табылады.

Итальяндық Пезаро қаласында орналасқан консерваторияда магистратура аяқтаған Батыржан, отанына оралғанын «Орфейдің оралуы» барокко музыкасының концертімен атап өтпек. Өткен жылы театрдың Камералық залында табысты өнер көрсеткен дарынды әнші көрермен тарапынан ыстық ықыласқа ие болып үлгерді.

Сондай-ақ концертте Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мақпал Бекмағамбетова (скрипка), халықаралық байқаулардың лауреаты Асқар Мұқанов (виолончель) және Балжан Сапарова (флейта) өнер көрсетеді. Фортепиано партиясында – Раушан Бескемпірова.

 

Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады