Афиша театров в Таразе

Вивальди музыкасы

2017 / 2018                    Камералық зал           V маусым

17 маусым * жексенбі * 18.00

«Музыка және оның шығарушылары» топтамасы

Концерт

«Вивальди музыкасы»

17 маусым күні Камералық залда «Вивальди музыкасы» атты концерт өтеді. Бағдарламада әлемге әйгілі әрі ең танымал композиторлардың бірі – Антонио Вивальдидің шығармалары шырқалады.

 

«Вивальди музыкасы» концерті композитордың 340 жылдығына арналған. Музыканттар, осынау сәтті ұлы итальяндық композитордың шығармашылығына ортақтаса отырып, сазгермен бірге атап өтуді ұсынады. Концертте итальяндық барокко кемеңгерінің аспаптық және вокалдық туындылары тыңдарман назарына ұсынылады.

 

Итальяндық хас шебердің музыкалық жауһарларын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – дирижер Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігіндегі «Астана Опера» театрының Камералық оркестрі орындайды.

 

 

Концерттің ұзақтығы  – 1 сағат 20 минут