Google ad services
Афиша кино в Таразе

Петя мен Қасқыр

2018 / 2019 Камералық зал VI маусым

20 қаңтар * жексенбі * 12.00 (орысша)

«ПЕТЯ МЕН ҚАСҚЫР»

(С. Прокофьевтің симфониялық ертегісі)

C. Прокофьевтің «Петя мен Қасқыр» симфониялық ертегісі – мектепке дейінгі ересек балалар мен 1-ден 5-ші сыныпқа дейінгі мектеп оқушыларына арналған музыка әлеміне жасалатын ерекше әрі танымдық саяхат. Концерт барысында балалар қызықты ойын түрінде симфониялық оркестрдің аспаптарымен танысады. Симфониялық ертегі – бұл симфониялық оркестрге арналып жазылған музыкалық ертегі: әрбір кейіпкердің белгілі бір музыкалық аспапта орындалатын музыкалық әуені бар. C. Прокофьевтің «Петя мен Қасқыр» симфониялық ертегісі – симфониялық оркестрмен таныстыратын «жол көрсеткіш» сияқты.

 

Орындайтын:

«Астана Опера» симфониялық оркестрі. Дирижері – Руслан Баймурзин

Мәтін оқушы – Сергей Матвеев, Қырғызстанның Халық әртісі

Концертті жүргізетін музыкатанушы Сәуле Мәулетова

 

Ұзақтығы – 50 минут