Афиша кино в Таразе

Қазақ даласында Эгей теңізінің самалы

2017 / 2018                   Камералық  зал                   V маусым

18 наурыз * жексенбі * 18.00

Классикалық музыка концерті

«Қазақ даласында Эгей теңізінің  самалы»

18 наурызда Камералық залда «Қазақ даласында Эгей теңізінің самалы» атты концерт өтеді. Концерт бағдарламасында қазақ, грек, орыс және батыс еуропалық композиторлардың шығармалары орындалады.

Музыкалық жауһар туындылар дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асқар Бөрібаевтың жетекшілігімен «Астана Опера» Камералық оркестрінің орындауында шырқалады.

Концерт қатысушылары – Мәскеуден келген опера әншісі Марина МИНИНА және дарынды қазақстандық музыкант, халықаралық байқаулардың лауреаты Жандос МҰХАМЕДИҰЛЫ (скрипка).

 

Марина Минина – халықаралық байқау лауреаты (халықаралық байқаудың ІІ сыйлық лауреаты. Руза қ., Ресей).  20 жылдан астам уақыт бойы Ресейдің Үлкен театрында жұмыс істейді: Үлкен театрдың барлық қойылымдары мен әлем бойынша өткен гастрольдеріне табысты қатысқан. 2014 жылдан бастап «Globus Music International» көне музыка ансамблінің солисі болып табылады.

2016 жылдан бастап Гнесин атындағы Ресей Музыка академиясында вокал класы бойынша сабақ береді. «Большая Перемена» қорымен бірлесіп, қайырымдылық ісімен белсенді айналысады.

 

БАҒДАРЛАМА:

Пётр Чайковский

  1. «То было раннею весной». Өлеңі: Л. Мей
  2. «Нет, только тот, кто знал». Өлеңі: Л. Мей
  3. «Забыть так скоро». Өлеңі: А. Апухтин
  4. А. Даргомыжский. «Каменный гость» операсынан Лаураның І-ші ариясы
  5. М. Глинка. «Руслан мен Людмила» операсынан Ратмирдің ариясы
  6. Микис Теодоракис. «Отказ». Өлеңі: Йоргос Сеферис
  7. Ставрос Ксархакос. «Түн». Өлеңі: Никос Гатсос
  8. Манос Хадзидакис. «Не спрашивай у неба»
  9. Манос Хадзидакис. «Дети Пирея». Өлеңі: Манос Хадзидакис
  10. Манос Хадзидакис. «Северная звезда». Өлеңі: Никос Гатсос
  11. Пабло де Сарасате. Интродукция және тарантелла, оp.43

 

Концерттің ұзақтығы – 1 сағат 20 минут