Jullien Dassin

Н.А.Римский-Корсаковтың музыкасына «Шехеразада» «Күміс ғасыр балеттері» топтамасынан Ф.Шопеннің музыкасына «Шопениана»

2020 / 2021                 Үлкен зал                  VIІІ маусым

13-14 сәуір * сейсенбі / сәрсенбі * 19.00

Уважаемые зрители!

 

Напоминаем о временном запрете посещения театра лицам старше 65 лет.

(Основание: постановление «Об ограничительных и карантинных мерах в городе Нур-Султан» от 02.02.2021 №5, п.1.5. за подписью главного государственного санитарного врача Бейсеновой С.С.)

 

Также во время антракта просим вас соблюдать социальную дистанцию и масочный режим.

 

Михаил Фокин балеттері

 

«Күміс ғасыр балеттері» топтамасынан

Ф.Шопеннің музыкасына «Шопениана»,

Н.А.Римский-Корсаковтың музыкасына «Шехеразада»

 

Михаил Фокин балеттері

 

«Күміс ғасыр балеттері» топтамасынан

Ф.Шопеннің музыкасына «Шопениана»,

Н.А.Римский-Корсаковтың музыкасына «Шехеразада»

 

 

XIX және XX ғасыр тоғысында орыс балетіндегі жаңа бағыт, тың идеяларды қалыптастырушылардың бірі – дарынды балетмейстер М.Фокин болды. Ол орыс балет өнеріне орасан зор үлес қосып, идеялар мен бейнелердің аясын кеңейтті, оны жаңа үлгілермен, стильдермен байытты.

 

 

«ШОПЕНИАНА»

(Ф.Шопеннің музыкасына қойылған бір бөлімді балет)

 

Хореография авторы – Михаил Фокин

Қайта жаңғыртушы – Агриппина Ваганова (1931)

Декорациялар мен костюмдер Александр Бенуа, Орест Аллегри эскиздерінің негізінде

 

Қоюшы балетмейстер – Алтынай Асылмұратова, Ресейдің Халық әртісі

Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев

Қоюшы балетмейстердің ассистенттері – Константин Заклинский, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі / Елена Шерстнева

Сценография  – Виктор Караре

Костюмдер бойынша суретші – Арасель Досмұратова

Жарық бойынша суретші – Винченцо Рапони

 

1908 жылы Михаил Фокин «бұрын ұмыт болған дәуір үлгісінде» сюжетсіз нұсқа шығарған, яғни оның айтуы бойынша «балет өнерінде поэзия үстемдік құрған уақыт, ал биші қыз балеттік аяқ-киімін (пуанты) болаттай мықты ұшын көрсету үшін кимеген, керісінше аяқ ұшын жерге тигізбестен, өзінің биі арқылы жеңілдік, қандай да бір ғажайып, керемет дүниені жасаған... Мен жаңашылдықпен таң қалдырғым келмейді, дегенмен шартты балет биін оның асқақ даму кезеңіне қайтаруға тырыстым. Балеттің негізін салушылар қалай билегенін білмеймін. Оны ешкім де білмейді. Бірақ менің арманымда олар дәл осылай билеген сияқты».

Шопен музыкасына үндес өткінші елестен құралып, хореографтың суреттеген барлық сюитасы өзінің терең ойлы сұлулығымен көрерменді баурап алады.

 

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

Бозбала –        Еркін РАХМАТУЛЛАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

                         Жаңанұр ЖАҢАБЕКОВ

 

Жетінші вальс – Әйгерім БЕКЕТАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

                                    Шұғыла ӘДЕПХАН

 

Он бірінші вальс – Мөлдір ШӘКІМОВА /

                                Аделина ТӨЛЕПОВА

 

Прелюд –                Марико КИТАМУРА /

                                Анастасия ЗАКЛИНСКАЯ

 

 

*   *   *   *   *   *   *

 

 

«ШЕХЕРАЗАДА»

(Н.Римский-Корсаковтың музыкасына қойылған бір бөлімді хореографиялық драма)

 

«Мың бір түн» араб ертегілерінің желісімен сценарий жазған Михаил Фокин

Хореография авторы – М.Фокин (1910). Реконструкция авторы – А.Лиепа

Декорациялар мен костюмдер Л.Бакст эскиздері негізінде жасалған

 

Қоюшы хореограф – Андрис Лиепа, Ресейдің Халық әртісі

Қоюшы хореографтың ассистенті – Светлана Романова

Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев

Қоюшы суретші – Анатолий Нежный

Костюмдер бойынша суретші – Елена Нецветаева-Долгалева

Жарық бойынша суретші – Виталий Давыдкин

«Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі –

Алтынай Асылмұратова, Ресейдің Халық әртісі

 

 

Сарайда іші пысып, жабырқаулы күйде отырған сұлтан Шахриарды күңдер мен сүйген жары Зобеида жұбатып, көңілін аулауда. Сұлтанның інісі Шахезман да осы жерде, сүйікті жұбайының опасыздығынан кейін ол әйелдерге деген сенімін жоғалтқан. Жеңгелеріне де сене қоймаған ол ағасына олардың адалдығын сынап көру жайлы ұсыныс тастайды. Аң аулауға аттанған екеуін әйелдері көңілдері босап, шығарып салады. Алайда үй қожайындары кете салысымен, әйелдері белсіздер басшысын алдап-сулап, гарем есігін ашқызады. Қара нәсілді құлдар ішке кіріп, арсыз жын-ойнақ басталады. Мұнда билік етуші Зобеида да өзінің сүйікті Құлымен көңіл көтеруде. «Сауық-сайран» қыза түскенде ағалы-інілі сұлтандар қайтып оралады. Шахезман сөзінің расталғанына қуануда, ал қаһарланған Шахриар осы жердегінің бәрін өлтіруге бұйрық береді. Сұлтанның қызметшілері күңдерді, белсіздер мен қара нәсілді құлдарды қылыштарымен жайратып тастайды. Шахриардың өзінен артық сенетін жұбайы Зобеида патшаға деген ықпалын қолданып, оның көңілін жұмсартуға тырысады. Сұлтан болса, оны өлімге қия алар емес. Бірақ зұлым інісі жек көрушілікпен Зобеиданың қылышпен шабылған көңілдесін нұсқайды. Шахриар жендеттерге белгі берген сәтте, әйелі сұлтанның қолындағы қанжарды алып, өз-өзіне қол жұмсап үлгереді. Шахриар опасыз болса да сүйікті жарының өлі денесіне қарап, егіле жылайды.

 

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

Шахриар –    Жәнібек ИМАНҚҰЛОВ /

                       Рахметолла НАУАНОВ

 

Шахезман –   Ильдар ШАКИРЗЯНОВ /

                       Ерлан ЖАМБҰЛАЕВ

 

Зобеида –      Анастасия ЗАКЛИНСКАЯ /

                       Әнел РҮСТЕМОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Алтын құл – Бақтияр АДАМЖАН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

                       Серік НАҚЫСПЕКОВ

 

Бас белсіз –   Олжас МАХАНБЕТӘЛИЕВ /

                       Жанәділ БЕЙСЕМБИЕВ

 

 

 

«АСТАНА ОПЕРА» БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ, СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 55 минут (бір үзіліспен)