Scorpions в Алматы

Шабыт шақырған аспаптар

Қазақстан-француз дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына арналған концерт

«Шабыт шақырған аспаптар»

24 қаңтарда «Астана Опера» театрының Камералық залында
«Шабыт шақырған аспаптар» атты концерт өтеді.

Оған Volta ішекті аспаптар квартеті (Франция) және Қазақстан Республикасының Халық әртісі Жәния Әубәкірова (фортепиано) қатысады.

Volta квартетінің репертуары негізінен классицизм және ерте романтизм дәуірінің композиторлары – Й.Гайдн, В.А.Моцарт, Л.Бетховен және Ф.Шуберттің шығармаларынан тұрады. Ұжымның әр мүшесі камералық концерттерде көп жылдар бойы тәжірибе жинақтаған, ал олардың мызғымас шығармашылық достығы мен бірлесіп өнер көрсетуге деген ниеттері 2014 жылы Volta аталған ішекті аспаптар квартетін құруға себеп болды.

Квартеттің барлық музыканттары – беделді халықаралық байқаулардың лауреаттары (Париж, Бордо, Генуя, Лондон, Сиена, Флоренция, Ильзак, Херлен және т.б.), оларға әлемнің танымал концерт залдарының көрермендері қошемет білдірген. 2014 / 2015 жылдар маусымын Шуберттің соңғы квартеттеріне арнаған музыканттар, 2016 жылы Моцарттың ішекті аспаптар квартеттерінен  күйтабақ жазды.

Квартеттің барлық қатысушылары Готье ЭРРМАНН бастамасымен құрылған Artie’s шығармашылық бірлестігінің мүшесі болып табылады, оның мақсаты – Францияда және шетелдерде классикалық музыканы насихаттау жүйесін жаңғырту, өнер қайраткерлерінің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру.

 

Квартет құрамы:

Юг БОРСАРЕЛЛО (скрипка)

Лоран МАНО-ПАЛЛАС (скрипка)

Арно ТОРЕТТ (альт)

Готье ЭРРМАНН (виолончель)

 

Жәния ӘУБӘКІРОВА

ҚР Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты

 

П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын және аспирантура (профессор Л.Н.Власенко сыныбы) бітірген.

М.Лонг және Ж.Тибо халықаралық байқауында Гран-при және «Заманауи француз композиторлар шығармаларын үздік орындағаны үшін» арнайы жүлдесінің (Франция, 1983), Халықаралық камералық ансамбльдер байқауының (Франция, 1985) Гран-при иегері, Франция өнер және әдебиет орденінің кавалері (1998).

Оның концерттері көптеген елдерде өткізілген, ол Salle Pleyel, Salle Gaveau, Barbican Hall, Wigmore Hall, Vigoda Hall, Konzerthausе, Carnegie Hall, Мәскеу консерваториясының Үлкен залы және осы сияқты беделді сахналарда өнер көрсеткен.

Өнерпаз, В.Гергиев, М.Плетнев, А.Сладковский, Д.Герингастай дарынды музыканттармен; Мариин театры және Франция радиосының симфониялық оркестрлерімен, Ресей ұлттық оркестрімен, Үндістан Симфониялық оркестрі және тағы басқа танымал өнер ұжымдарымен ынтымақтастықта жұмыс жасап келеді. 1997 жылдан – Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының ректоры.

 

БАҒДАРЛАМА

Бірінші бөлім

В.А.Моцарт. №3 «Миландық» ішекті квартеті, k.156

К.Дебюсси. Ішекті аспаптар квартеті, Op. 10

 

Екінші бөлім

С.Франк. Фортепиано квинтеті

 

 

Концерттің ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция  орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне  қалдырады