Kinoman

Таң самалы

«Таң самалы»

13 мамырда «Астана Опера» Камералық залында Е. Рахмадиев атындағы I Халықаралық байқау лауреаттарының концерті өтеді.

Концерт бағдарламасында көрнекті қазақ композиторы, Қазақстанның Халық әртісі, КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Еркеғали Рахмадиевтің операларынан ариялар мен дуэттер, романстар және әлемдік опера классикасынан үзінділер орындалды.

Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Бибігүл Жанұзақ және Азамат Желтыркөзов; Бейімбет Таңарықов, Назым Сағынтай, Ербол Мұқанов,Ұлпан Әубәкірова, Алтынбек Әбілда, Алмат Избамбетов, Наргиз Сатмұхамбетова, Әсел Уашева және Жанель Катпаева, Жұмабек Қаңтарбаев, Расұл Жармағамбетов, Марат Айтымбай, Дамир Сәдуақасов, Мәдина Айдарбекова, Құдайберген Әбілдин, Диана Таймышева, Азат Туранел, Ерұлан Кәмел, Данияр Доолотбаков, Артур Габдиев, сондай-ақ Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының Камералық хоры қатысады. Концертмейстерлер – халықаралық байқаулардың лауреаттары Гүлсім Абдирова, Раушан Бескемпірова, Ляйля Сеитова, Сәуле Көрпетанова, Шахизада Күлсейітова, Айымгүл Сыздықова.

 

Ұзақтығы – 1 сағат 40 минут

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады